Медициналық көмекті ұйымдастару департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2.  Өз қызметінде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департамент құрылымы, штаттық саны Министрліктің жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітіледі.
  4. Департамент құрамына:

1) амбулаториялық-емханалық көмек басқармасы;

2) ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасы;

3) стационарлық медициналық көмек басқармасы;

4) ақпарат және статистикалық талдау басқармасы;

5) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасы;

6) стандарттау басқармасы кіреді.

  1. Департаменттің негізгі мақсаты, функциялары,құқықтары және міндеттері

5. Міндеті: Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты және стратегияны қалыптастыру және оны жүзеге асыруға қатысу.

Функциялары:

  1. денсаулық сақтау саласында бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  2. халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді әзірлеу;

3) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты және стратегияны қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлеу;

4) медициналық статистика саласында саясатты айқындау және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу;

6)   халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру және халық денсаулығын қорғау саласында бірлескен халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;

7)   денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

8)   үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін басым бағыттар мен тақырыптарды айқындау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

9)   Кедендік Одақ, Еуразиялық экономикалық кеңес, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы және басқалар шеңберінде денсаулық сақтау саласында еларалық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

10) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері» (облыстар бөлінісінде) тоқсан сайын ақпараттық материалды кестеге сәйкес тапсыру.

11) «Қазақстан Республикасының есептілік кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» Мемлекет басшысының баяндамасына «Денсаулық сақтау» тарауы бойынша тоқсан сайын талдамалық материал дайындауды жүзеге асыру.

12) айлық, тоқсандық, жылдық кезеңділікті әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысандар бойынша есептерді қабылдау мен қалыптастыруды ұйымдастыру және денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинау үшін арналған нысандар бойынша жылдық есептерді қабылдау, қалыптастыру және жалпы жиынтығын жүзеге асыру.

13) мемлекеттік, салалық бағдарламалар, стратегиялық және кешенді жоспарларды іске асыру мониторингінің индикаторларын әзірлеу, оларға қол жеткізу бойынша ұсыныстарды болжамдау және әзірлеу.

14) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Үкіметінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық жұмыстарының Департамент құзыретіне жатқызылған сұрақтар бойынша тиісті жылдарға жоспарларын  уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

15) мемлекеттік, салалық бағдарламалар, стратегиялық және кешенді жоспарларды іске асыру және мониторингі бойынша жоспарларды (жол карталарын) әзірлеу;

16) ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, республикалық ұйымдардың өзара іс-қимылы және қызметін үйлестіру;

17) Министрліктің бас штаттан тыс мамандарының медициналық көмекті ұйымдастыру сұрақтары бойынша жұмысын үйлестіру.

18) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу;

19) Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің денсаулық сақтау саласындағы қызметін рейтингтік бағалау жүйесіндегі көрсеткіштерге талдау жасау;

20) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға талдау жасау;

21) Департаменттің құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес басқа да функциялар;

6.      Міндеті: МСАК жаңғырту және басымдықта дамыту. Амбулаториялық-емханалық көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

Функциялары:

1) амбулаториялық-емханалық көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру;

2) ТМККК шеңберінде ҚР-ның халқын санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекпен қамтамасыз ету:

3) Қазақстан Республикасы халқын донорлық қанның компоненттерімен және препараттарымен қамтамсыз ету.

4) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басым дамытумен халыққа медициналық қызметтер ұсыну жүйесін жетілдіру:

5) халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және амбулаториялық-емханалық көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитариялық авиация, қан қызметі, травматология мәселелері бойынша  бірлескен халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;

6) амбулаториялық-емханалық көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитариялық авиация, қан қызметі, травматология саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

7) амбулаториялық-емханалық көмек, жедел медициналық көмек, санитариялық авиация, қан қызметі, жарақаттануды төмендету мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін басым бағыттар мен тақырыптарды әзірлеу;   

8) амбулаториялық-емханалық деңгейде, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитариялық авиация, қан қызметі, травматология нысанындағы медициналық көмектің клиникалық хаттамаларын әзірлеуге қатысу;

9) көпшілік іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;  

10) Департамент құзыретінің шегінде, Министрлікке қарастыруға түскен заңдарды, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді қарастыру және  оларға қорытындылар, пікірлер, түзетулер дайындауға қатысу және оларды әрі қарай өткізуге сүйемелдеуге қатысу;

11) құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу;

12) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, Департамент қызметкерлерінің ІІМ ТЖК бірлескен маусымдық штабтық оқуларына қатысуы.

13) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету;

14) амбулаториялық-емханалық көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету, санитариялық авиация, қан қызметі мәселелері бойынша тәжірибелік конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізуге қатысу;       

15) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

16) МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын, сондай-ақ қан қызметі, жедел және шұғыл медициналық көмек ұйымдарын, санитариялық авиация, трамвтология орталықтарын  медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жасақтаудың минималды стандартын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

17) жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

18) МСАК және КДЕ көрсету деңгейінде медициналық қызметтер тізбесін (номенклатурасын) қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

7. Міндеті: Әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммундық тапшылық вирусынан туындаған аурулар және адамның иммундық тапшылық вирусын тасушылар,  В, С вирустық гепатиті, психикалық бұзылыстар және мінез-құлық бұзылыстары) кезінде медициналық көмек көрсету (жетілдіру) саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.          

Функциялары:

1) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін айқындау;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, заң жобалаушы жұмыстар жоспарларын дайындауға қатысу, сондай-ақ олардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

3) әлеуметтік мәні бар аурулардың диагностикасы, емі, оңалту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, қатысу, келісу; 

4) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету саласында қызметті жүзеге асыратын ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру;

5) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысу;  

6) әлеуметтік мәні бар аурулардың диагностикасы, емі, оңалтуы бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;

7) халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бірлескен халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;

8) әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін басым бағыттар мен тақырыптарды әзірлеу;

9) әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша Республикалық штабтардың жұмысын ұйымдастыру;

10) Формулярлық комиссияның жұмысына қатысу;

11)  медициналық көмекті және бейін қызметтердің жұмысын ұйымдастыру бойынша талдамалық материалдарды дайындау;

12) әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

8. Міндеті: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде стационарлық және стационарда алмастыратын медициналық көмек саласында саясатты қалыптастыру. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту.

Функциялары:

1)   стационарлық деңгейде медициналық көмек ұйымдастыру мәселелерінде денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттарын қалыптастырады;

2) ЖТМҚ бөлігінде медициналық қызметтердің тізбесін қалыптастырады;

3) клиникалық хаттамалар тізбесін айқындау және оларды әзірлеуге қатысу;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, заң жобалаушы жұмыстар жоспарларын қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлейді;

5) стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек ұйымдастыру бойынша, оның ішінде, стационарлық ұйымдардың штаттық нормативтері және жасақталуы  бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді (жетілдіреді);

6) халықтың мамандандырылған медициналық көмекке (бұдан әрі - ММК) және бейініне байланысты жоғары технологиялық медициналық қызметтерге (бұдан әрі - ЖТМҚ) қажеттілігін айқындайды;

7)   стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, ЖТМҚ көрсету тәртібін айқындайды;

8) Министрліктің Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу жөніндегі комиссиясының қызметін ұйымдастырады;

9) трансплантологиялық қызметтің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бейінді қызметтерді дамыту бойынша іс-шараларды әзірлейді;

10) Жіті миокард инфаркті, жіті инсульттерді және онкологиялық ауруларды басқару кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгілерін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;

11) Министрліктің бас штаттан тыс мамандарының тізімін қалыптастырады;

12) иондаушы сәулеленудің ықпалымен салдарлы байланысты  анықтау бойынша іс-шараларды жоспарлайды;

13) СМК, ЖТМҚ және басқаларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 

14) республикалық бюджет қаражаты есебінен, соның ішінде лизинг шеңберінде сатып алынатын медициналық жабдықтардың тізімін айқындауға қатысады;

15) ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

16) адам құқықтары жөнінде материалдарды және адам құқықтары жөніндегі Уәкілетті өкілдің кезеңдік баяндамаларын дайындауға қатысады.

9. Міндеті: Ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің аналар мен балаларға  медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, заң жобалау жұмыстарының жоспарларын қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлейді;

2) ана мен баланың денсаулығын қорғау бойынша, оның ішінде, босандыру және балалар ұйымдарының штаттық нормативтері және жасақталуы  бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді  және жетілдіреді;

3) ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында босандыру және балалар қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру бойынша біріктірілген үлгілерін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;

4) ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар ана мен нәрестелер өлімінің деңгейі бойынша ахуалға мониторингті жүзеге асырады;

5) перинаталдық көмекті өңірлендіруге, тиімді перинаталдық технологиялар, емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын, ДСҰ ұсынған, балалық шақтағы ауруларды ықпалдастырып емдеуді енгізуге мониторингті жүзеге асырады;

6) Ана мен нәрестелер өлімін төмендету бойынша Республикалық штабтың жұмысын ұйымдастырады;

7)  педиатриялық көмекті жетілдіру, 0-6 жастағы балалар үшін педиатриялық учаскелерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

8) халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына сапалы медициналық көмектің қолжетімдігін арттыру және әлеуметтік жетімдік профилактикасы үшін патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтік үлгісін енгізуді үйлестіреді;

9) балалар онкологиялық қызметін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді;

10)  неврологиялық аурулары (БЦП, аутизм және басқа) бар балаларға көмекті  жетілдіру, диагностика және емдеуде жаңа технологияларды енгізу бойынша іс-шараларды әзірлейді;

11)  балаларға сурдологиялық көмекті жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді;

12)    балаларға реабилитациялық және паллиативті көмекті жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді;

13) балалардың туа біткен ақаулармен тууын төмендету үшін пренаталды диагностиканы жетілдіруге арналған ұсыныстарды әзірлейді және талдау жүргізеді;

14) орфандық аурулары (муковисцидоз, мукополисахаридоз, Гоше ауруы және с.с) бар балалардың диагностикасы, емі және оңалтуды жетілдіру үшін ұсыныстарды әзірлейді;

15) балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған, оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру бойынша іс-шараларды үйлестіреді;

16) Балалар үйлеріндегі жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіреді;

17) репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлау саясатын айқындайды;

18) ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысады; 

19) БҰҰ балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің ұсыныстарын іске асыруға қатысады;

20)  Балалардың құқықтары туралы Конвенцияны іске асыру бойынша кезеңдік баяндаманы қалыптастыру үшін материалдар тапсырады;

21) Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша іс-шараларға қатысады;

22) халықаралық ұйымдармен ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыруға қатысады;

23) балалардың жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан өлімін төмендету бойынша іс-шаралардың орындалуын үйлестіреді;

24) медициналық ұйымдарда балалар саудасының алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

25) ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін басым бағыттар мен тақырыптарды әзірлейді;   

26) Мүгедектердің құқықтары жөніндегі Конвенция бойынша, мүгедек-балаларға медициналық көмекті жетілдіру бөлігінде іс-шараларды іске асыруға қатысады.

10. Міндеті: Стандарттау саласындағы саясатты қалыптастыру.

Функциялары:

1) стандарттау мәселелері бойынша денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру;

2) медициналық қызметтер стандарттарын әзірлеу және жетілдіруді, оның ішінде медициналық қызметтер стандарттарын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;

3) Министрліктің ведомстволық бағыныстағ ұйымдарымен және аумақтық бөлімшелерімен медициналық қызметтерді стандарттау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

4) денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, заңнаманы медициналық қызметтерді стандарттау бөлігінде жетілдіруге қатысады;

5) медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі Біріккен комиссия қызметін ұйымдастырады;

6) клиникалық хаттамаларды әзірлеу және бекіту;

7) мамандарды медициналық қызметтерді стандарттау мәселелері оқыту саясатының негізгі бағыттарын анықтау үшін ұсыныстар енгізеді.

11. Департаменттің құқықтары:

1) медициналық көмекті ұйымдастыру сұрақтарын реттеуші нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстарға бастамашылық етеді;

2) Ведомстволардан, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінен, Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдарынан Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелері бойынша ақпаратты, анықтамаларды және өз міндеттерін орындау үшін қажетті басқа құжаттарды сұратады және алады;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, ведомстволардың аумақтық органдары, ведомстволық бағыныстағ ұйымдардың басшыларының келісімі бойынша олардың қызметкерлерін медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік  құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды дайындау үшін, сондай-ақ Департаменттің өзіне жүктелген функцияларға сәйкес жүргізетін іс-шараларды әзірлеу және іске асыру үшін тартады.

12. Департаменттің міндеттері:

1) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының  заңнамалық жұмыстарының Департамент құзыретіне жатқызылған мәселелері бойынша тиісті жылдарға жоспарларын  уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтары мен міндеттемелері бар.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру  

         13. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.

         14. Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Директор басшылық етеді.

         15.   Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауда және өз функцияларын жүзеге асыруда дербес жауапты болады.         

         16. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

         17. Директор осы мақсаттарда:

         1) Департаментті білікті кадрлармен қалыптастыруды және олардың кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;

         2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

         3) Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

         4) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         18. Департамент директорының екі орынбасары болады.

         19. Департамент директорының орынбасарлары Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

         20. Департамент директорының орынбасарлары:

         1) өз құзыреті шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

         2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

         3) Департамент директорымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

         21. Департамент атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жолданатын құжаттарға және Департамент құзыретіне жататын сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарға  Департамент Директоры қол қояды, ал ол болмаған жағдайда – оның орнын басатын тұлғаның қолы қойылады.

 

____________________________________

 

Mobile version RSS Site map