Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Жауапты хатшысының

2017 жылғы  28 ақпандағы

44 бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті туралы

ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) қызметтеріне ақы төлеу саласында реттеуші және іске асырушы функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлдегі өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланктерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Комитеттің,  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс.

9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

13. Комитеттің міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ТМККК шегінде азаматтардың тегін медициналық көмекті алуды қамтамасыз ету саласын салааралық үйлестіру және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру, мемлекеттік саясатты іске асыру. 

14. Комитеттің функциялары:

1) республикалық бюджет қаражатынан ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру;

2) республикалық бюджет қаражатынан ТМККК көрсету бойынша шығыдарды өтеуді жүзеге асыру;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеу;

4) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізу;

5) ТМККК шеңберінде жасалған шарттар бойынша көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бағалауды жүзеге асыру;

6) ТМККК шеңберінде жасалған шарттар бойынша медициналық көмек көлемінің көрсетілуіне және ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу;

7) азаматтық заңнамаға сәйкес ТМККК шеңберінде жасалған шарттар бойынша көрсетілген медициналық көмектің барысы мен сапасына тексеруді жүзеге асыру;

8) жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бойынша ТМККК шеңберінде жұмыстың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағдарланған медициналық ұйымдар қызметкерлерін ынталандыруына мониторинг және талдау жүргізу;

9) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттардың орындалуына мониторинг жүргізу;   

10) республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтердің мөлшерін әзірлеуге қатысу;

11) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарымен, актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

15. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды  сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

3) аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

4) ТМККК шеңберінде шарт міндеттемелерін орындау бойынша заңды талаптарды жеке және заңды тұлғалар орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

5) өз құзыреті шегінде консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

7) ТМККК қызметтеріне ақы төлеу саласында халықты ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізу;

8) көрсетілетін медициналық көмектің сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін жекелеген адамдардың, медициналық қызметтер алған адамдардың денсаулығының жай-күйі туралы деректерді жазуға арналған бастапқы медициналық құжаттамаға тексеріс жүргізу;

9) халыққа ТМККК шеңберінде медициналық көмек ұсыну жүзеге асырылатын объектілерге медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға уәкілетті органдардың тексеріс жүргізуіне бастамашылық жасау;

10) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметі ұйымдастыру

16. Комитетке басшылық етуді Төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

17. Комитеттің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18. Комитеттің Төрағасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдардан босатылатын орынбасарлары болады.

19. Комитет Төрағасының өкілеттіктері:

1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғарыда тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамаға сәйкес Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;

2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшылары орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

4) заңнамалық актілерге сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғарыда тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, жұмыстарының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін Комитет қызметкерлерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізеді;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

6) заңнамалық актілерге сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғарыда тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін тәртіптік жазаға тарту мәселелерін шешеді;

7) мемлекеттік мекемелерде және меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылық пен талап-арыз ұсыну туралы шешімдер қабылдайды;

9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдайды және бұйрықтарға қол қояды;

10) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, министрліктің актілерінде бекіту бойынша тікелей құзыреті болған жағдайда құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды.

Комитет Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

20. Комитет Төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

21. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге жол берілмейді.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
Қате | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.