Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Жауапты хатшысының

                              2017 жылғы

№        бұйрығымен

бекітілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі аясында, сондай-ақ денсаулық сақтау аясындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) стандарттарды бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларының орындалуына қатысатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.

7. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

12. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

 

Толық нұсқасын жүктеп алу

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
Қате | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.