Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже
  1. Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
  2. Өз қызметінде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және басқа нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.  
  3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.   
  4. Департамент құрамындағы басқармалар:
  1. ақпараттандыру саясаты басқармасы;
  2. ақпараттық технологиялар басқармасы;
  3. ақпараттық қауіпсіздік басқармасы.
  1. Департаменттің негізгі тапсырмалары, қызметтері, құқықтары және міндеттері
  1. Міндеті: денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды және ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және басқару.

Функциялары:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – АҚ) саласындағы бірыңғай талаптардың, сонымен қатар ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;

«электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру;

Министрліктің электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;

ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңеспен келісу бойынша Министрліктің  АТ-архитектурасының бекітілуін, оның жаңартылып отырылуын қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оны іске асырылуын ұйымдастыру;

денсаулық сақтау саласындағы «электрондық үкiметтi» дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру;

мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға қойылатын талаптарды сақтай отырып, көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру;

«электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді, ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, денсаулық сақтау саласындағы  ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету және жұмыстарды үйлестіру;

мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамсыздандыруды, бастапқы бағдарламалық кодтарды (болған кезде) және лицензиялық БҚ баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету және жұмыстарды үйлестіру;

техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтау бойынша жұмыстарды сүйемелдеу;

ведомстволық интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, Министрліктің ақпараттық жүйелерін құру мен дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;

ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту бойынша жұмыстарды үйлестіру;

ашық деректердің интернет-порталына денсаулық сақтау саласындағы ашық деректерді орналастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына мемлекеттік органдардан берілетін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің бірыңғай анықтамалығына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға Министрліктің қарауындағы ақпараттық ресурстарға және ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғаларға Министрліктің электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

Қызмет берушілерді шарттарда қарастырылған ақпараттандыру саласында көрсетілетін қызметтердің сапа деңгейін қамтамасыз етуін бақылау;

Министрлік, Министрліктің ведомстволық бағынышты ұйымдары, денсаулық сақтау ұйымдары және басқа жақтар арасындағы бейнеконференцбайланыс режиміндегі отырыстарды техникалық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттамалар (бұдан әрі – АҚ ТҚ) талаптарының орындалуын бақылау;

АҚ құжатпен ресімделуін бақылау;

АҚ қамтамасыз ету бөлігінде активтердің басқарылуын бақылау;

БҚ заңды пайдаланылуын бақылау;

АКТ саласындағы тәуекелдердің басқарылуын бақылау;

АҚ оқиғаларының тіркелуін бақылау;

АҚ ішкі аудитін жүргізу;

АҚ сыртқы аудитінің ұйымдастырылуын бақылау;

АКТ пайдаланатын бизнес-процестер үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;

персоналды басқарған кезде АҚ талаптарының сақталуын бақылау;

«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі АҚ-сының жай-күйін бақылау.

  1. Міндеті: телемедицинаның жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету:

Функциялары:

іште, сонымен қатар шетелдік клиникалармен телемедициналық консультацияларды, телеконсилиумдарды, оқыту семинарларын, теледәрістерді өткізуді мониторингтеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

халықаралық стандарттармен үйлестірілген телеконсультациялық көмек көрсетудің техникалық регламенттерін әзірлеуге және енгізуге қатысу;

телемедицинаны құру және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  1. Міндеті: денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саясатын анықтау.

Функциялары:

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте, техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселелері бойынша техникалық регламенттер әзірлеу, денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселелері бойынша техникалық регламенттегі өзгерістер мен (немесе) толықтырулар, стандартизация бойынша нормативтік құжаттардың өзектендірілуі және сәйкестендірілуі туралы ұсыныстарды әзірлеу және мемлекеттік органға енгізу;

денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселелері бойынша техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселелері бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және басқа құжаттардың қорын жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселелері бойынша техникалық регламенттерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау;

денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселелері бойынша стандарттарды және басқа құжаттарды әзірлеу бойынша жоспарларды дайындау және іске асыру және олардың халықаралық нормалары мен талаптарына үйлесімдігі;

денсаулық сақтауды ақпараттандыруды стандарттау бойынша техникалық комитеттер құру бойынша ұсыныстар дайындау;

үкіметтік емес стандартар базасында денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселесі бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеуді бастамашылық ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

әртүрлі ақпараттық жүйелердің стандарттарын, технологиялық ерекшеліктерін және сипаттамаларын жүйенің талап ететін функционалы бөлігінде әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

денсаулық сақтау саласында АКТ нарығына алдағы уақыттағы қолжетімділік үшін әртүрлі бағдарламалық өнімдерді электрондық денсаулық сақтау талаптарына сәйкестікке сертификаттауды өткізу әдістемесін әзірлеу және бекітуді ұйымдастыру;

клиникалық ақпараттық жүйелерден талап етілетін медициналық ақпараттық жүйелердің халықаралық стандарттары негізінде бірыңғай стандартталған талаптарды әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру.

  1. Департамент құқығы:

денсаулық сақтауды ақпараттандыру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық ету;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерден, Министрліктің ведомстволарынан, ведомстволардың аумақтық органдарынан, ведомстволық бағынысты ұйымдардан өз міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты, анықтамаларды және басқа құжаттарды сұрату және алу;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомство,  ведомствоның аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының келісімімен денсаулық сақтауды және әлеуметтік дамуды ақпараттандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа құжаттардың жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ Департаментке жүктелген фукнцияларға сәйкес ол өткізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін олардың қызметкерлерін тарту;

  1. Департамент міндеттері:

Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын, Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалық жұмыстардың жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

Өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың жобасы сәйкес болмаған жағдайда, олар  бойынша ескертулер жіберу;

Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және олардың аумақтың органдардың қызметтерін үйлестірді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа құқықтары мен міндеттері бар.

  1. Департамент қызметін ұйымдастыру
  1. Департаменттің оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің  актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қажетті өкілеттіктері бар.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Директор басқарады.
  3. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқарады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік атқарады. 
  4. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылым мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.
  5. Осы мақсаттарда директор:

басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Департамент директоры болмаған кезде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапты басқарма басшыларының бірі жүзеге асырады;
  2. Департамент атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттар және Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің жауаптарына Департамент директоры, ол болмаған жағдайда – директор орынбасары қол қояды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы