Қазақстан Республикасы

                                                      Денсаулық сақтау министрлігінің

                                                    жауапты хатшысының

                                                        2017 жылғы «___» ____________

                                                           № _________ бұйрығымен бекітілген

 

 

Ғылым және адами ресурстар департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Ғылым және адами ресурстар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі –  Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын және актілерін, басқа  да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.
  4. Департамент:
  1. Адами ресурстарды дамыту басқармасы;
  2. Медициналық білім беру басқармасы;
  3. Медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасынан тұрады.

 

2. Департаменттің басты функциялары, құқықтары және міндеттері.

  1. Міндеті: Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын басқару мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.

         Функциялары:

  1.  денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды жасауда және іске асыруға қатысады;
  2. денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын басқарудағы мемлекеттік саясат пен стратегияны қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлейді;
  3. денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
  4. денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігінің салалық жүйесін жетілдіреді;
  5. денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттарды жетілдіруге қатысады;
  6. денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының жағдайына талдау және  мониторингі жүргізеді;
  7. медициналық ЖОО-лардың, колледждердің түлектерінің, қызмет ететін денсаулық сақтау мамандарының білімі мен дағдыларының тәуелсіз институтын енгізу бойынша шараларды жасайды және іске асырады;
  8. денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын жоспарлау және жобалау жүйесін жаңартады;
  9. денсаулық сақтау кадрларын тарту және жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жасайды;
  10. медициналық және фармацевтикалық мамандықтадың номенклатурасы мен біліктілік талаптарын жетілдіреді;
  11. денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттарын жетілдіреді;
  12. денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  13. саланың қажеттілігін ескере отырып, өз құзыреті шегінде медициналық және фармацевтикалық кадрларды жоспарлайды;
  14. денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктіліктерін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
  15. денсаулық сақтау саласындағы кадрларды, соның ішінде шет елдерде даярлауды, біліктіліктерін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады,;
  16. медицина және фармацевтика кадрларының біліктіліктерін арттыру тәртібін, сондай-ақ, медициналық және фармацевтикалық білім берудің қосымша бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
  17. бюджеттік өтінімдерді негіздемелерімен қалыптастырады және бекітілген бюджеттік бағдарламалардың  (іс-шаралардың) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  18. Министрліктің Стратегиялық және операциялық жоспарларын жасауға  қатысады және бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар (іс-шаралар) бойынша оның орындалуын қамтамасыз етеді;
  19. жетекшілік ететін бюджеттік бағдарамалардың іске асырылуы бойынша сараптама және мониторинг жасайды;
  20. медициналық ЖОО-лардың медициналық кадрлары мен профессорлық оқытушылық құрамының әлеуетін жоғарылату мәселелері бойынша «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  21. медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі жүйесін әзірлейді және енгізеді;
  22. медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым бағыттардың тізімін қалыптастырады;
  23. денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін мамандықтар бойынша еңбек өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын жетілдіреді;
  24. кадрлық ресурстарды дамыту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
  1. Міндеті: Медициналық және фармацевтикалық білім саласында, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіру мен мемлекттік басқаруды іске асырады.

Функциялары:

  1.  медициналық және фармацевикалық білім беру жүйесінің жағдайына сараптама жүргізеді;
  2. медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесінің басымды және перспективті бағыттарын айқындайды;
  3. медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді; интернатура мен резидентурада даярлау мамандықтарының тізбесін әзірлейді;
  4. интернатура мен резидентура туралы ережелерді әзірлейді;
  5. денсаулық сақтау саласының білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар әзірлейді;
  6. денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының оқу-клиникалық орталықтардың,  симмуляциялық кабинеттердің жарақтандыру нормасын әзірлейді;
  7. денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базасы туралы ережені әзірлейді;
  8. денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базаларының тізбесін әзірлейді;
  9. саланың стратегиялық қажеттіліктеріне сәйкес даярлауға, біліктіліктерін арттыруға және қайта даярлауға  мемлекеттік тапсырыстың көлемі бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  10. медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік кәсіби оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереженің және оларға қойылатын талаптардың бекітілуін қамтамасыз етеді;
  11. білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының бекітілуін қамтамасыз етеді;
  12. инновациялық білім беру және медициналық технологиялар саласында медициналық колледждер мен ЖОО-лардың профессорлық оқытушылық құрамының әлеуетін жоғарылату бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
  13. медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында халықаралық әріптестікті жүзеге асырады;
  14. денсаулық сақтау кадрларын ел ішінде және шетелде даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
  15. білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп  «қауіп» тобының балаларын ерте айқындау мәселелері бойынша  жалпы практика дәрігерлерін, педиатрларын және орта медицина қызметкерлерін қамтамасыз етеді;
  16. Министрліктің Стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге  қатысады және бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар (іс-шаралар) бойынша оның орындалуын қамтамасыз етеді;
  17. бюджеттік өтінімдерді негіздемелерімен қалыптастырады және бекітілген бюджеттік бағдарламалардың  (іс-шаралардың) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  18. орта, жоғары, жоғарыдан кейінгі медициналық білімі бар контингентің орташа жылдық қозғалысын жоспарлауды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
  19. денсаулық сақтау саласындағы медициналық және фармацевтикалық мамандықтарды даярлауға, сондай-ақ, медициналық және фармацевтикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс орналастырады;
  20. денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдардың, медициналық және фармацевтикалық білім берудің республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметтерін үйлестіреді;
  21. шетел мамандарын тарта отырып, мастер-кластарды ұйымдастырады;
  22. жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуының сараптамасы мен мониторингін жүргізеді;
  23. денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді;
  24. медициналық және фармацевтикалық білім беру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
  1. Міндеті: денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және инновациялық қызметтің дамуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

  1. денсаулық сақтау саласындағы ғылым және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзілеуге және жүзеге асыруға қатысады;
  2.  денсаулық сақтау саласындағы ғылым және инновациялық қызметті дамытудың басым және перспективті бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
  3. денсаулық сақтау саласындағы ғылым және инновациялық қызметті дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
  4. денсаулық сақтау саласындағы ғылым және инновациялық қызметті дамыту мәселелері бойынша стратегиялық құжаттардың іске асырылуына талдау және мониторинг жүргізеді;
  5. медициналық және фармацевтикалық ғылым саласында халықаралық әріптестікті жүзеге асырады;
  6. денсаулық сақтау саласындағы ғылым және инновациялық қызметті дамытуға ықпал етеді, денсаулық сақтау ұйымдарында ғылыми зерттеулердің және  бірегей медициналық технологиялардың қорытындыларын коммерциаляндыру  мәселелері бойынша жағдай жасау;
  7. медициналық ғылыми ұйымдар мен ЖОО-дың ғылыми және өңірлік деңгейде жасалып жатқан инновациялық кластерлердің, технологиялық және ғылыми парктердің жұмысына енгізіліуіне жәрдемдеседі;
  8.  отандық медициналық ЖОО-дың зерттеу университеттері мәртебесін алуға жәрдемдеседі;
  9. денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуына талдау және мониторинг жүргізеді;
  10. денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми-медициналық әзірлемелердің ғылыми-медициналық сараптамаларын ұйымдастырады;
  11. ғылыми-педагогикалық магистратурада және PhD докторантурасында даярлау, ғылыми зерттеулердің менеджменті мәселелері бойынша ғылыми орталықтардың басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын  жетілдіреді;
  12. медициналық технологиялардың клиникалық зерттеулерін өткізуге рұқсат беру бойынша шаралар өткізуді қамтамасыз етеді;
  13. денсаулық сақтау саласында ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
  14. Ғылыми кеңестің жұмысын қамтамасыз етеді;
  15. денсаулық сақтау саласындағы  ғылыми ұйымдардың ғылыми және инновациялық мәселелер бойынша қызметін үйлестіреді;
  16. бюджеттік өтінімдерді негіздемелерімен қалыптастырады және бекітілген бюджеттік бағдарламалардың  (іс-шаралардың) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  17. медициналық ғылым мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

8. Департаменттің құқықтары:

1) жүктелген функцияларды орындау үшін өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, құрылымдық бөлімшелерден, Министрліктің ведомстволарынан және Министрліктің ведомстволық қарамағындағы ұйымдардан өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісіті ақпаратты  сұрау және алу;

2) мемлекеттік органның, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, ведомстволарының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының келісімі бойынша Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің және басқа да  құжаттардың жобаларын, сондай-ақ, кеңестерді, конференцияларды және өзге де іс-шараларды дайындау үшін олардың қызметкерлерін  тарту;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасы сәйкес өзге де құқықтары бар.

9. Департамент міндеттері:

1) Мемлекеттің Басшысының, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшысының тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті жылдарға заң жобалар жұмыстарын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге міндетті;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттері бар.

 

3. Департамент қызметінің ұйымдастырылуы

  1. Заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Департаменттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру өкілеттіктері бар;
  2. Департаментті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады;
  3. Департамент директорының, Қазақстан Республикасы заңнамасы белгіленген жағдайларда, орынбасары бар;
  4. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басшылықты және Департаменке жүктелген міндеттердің орындалуына және өздерінің функцияларын іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады;
  5. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Депаратменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
  6. Осы мақсатта Директор:
  1. өзінің орынбасарының (орынбасарларының) олар бар болса, міндеттері мен өкілеттілігін айқындайды;
  2. Департаменттің құрамына кіретін Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
  1. Департамент Директорының орынбасары:
  1. өз құзырет шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;
  2. Департамент Директоры болмаған уақытта Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаменке жүктелген міндеттердің орындалуына және өздерінің функцияларын іске асырылуына дербес жауапкершілікте болады;
  3. Департамент Директоры жүктеген басқа да функцияларды атқарады;

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан өзге құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Директор, ол болмаған жағдайда орнын басатын адам қол қояды.

Дата: 
Жұма, 5 Мамыр, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы