Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

жауапты хатшысының

2017 жылғы  «___» _________ №___

бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті        (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаметтің құрылымы және штат саны Министрліктің жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан;

2) Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармадан тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

5. Мақсат: Мемлекеттің сыртқысаяси бағдарына сәйкес шетел мемлекеттерімен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Функциялар:

  1. қарауындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі басым бағыттарды және бірлескен іс-шараларды анықтау;
  2. Мемлекет басшысының шетелдерге сапары, сондай-ақ шетел мемлекеттері және үкімет басшыларының сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруды орындау және бақылау;
  3. Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстарды әзірлеу;
  4. сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу, оларды өткізу қорытындылары бойынша қабылданған шешімдерді жүзеге асыру;

          Мақсат: Денсаулық сақтау мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматында шетелдік мемлекеттермен өзара іс-қимылды бақылау, мониторингті қамтамасыз ету.

          Функциялар:  

          1) денсаулық сақтау саласын дамытудың халықаралық тәжірибесін зерттеу;

          2) қабылданатын шешімдердің денсаулық сақтау саласына тигізетін әсерінің болжамын дайындау және мүмкін болатын іс-қимылдың баламалы нұсқаларын пысықтау;

          3) шетелдермен халықаралық қатынастарды талдау және мониторинг;

          4) сараптамалық көмек көрсету үшін шетелдік әріптестерді тарту.

          Мақсат: Денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру.

          Функциялар:

          1) техникалық және консультативтік қолдау көрсету үшін шетелдік сарапшыларды тарту;

          2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы өкілдігін қамтамасыз ету;

          3) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының, Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция хатышылығының мүшелік жарналары жөніндегі мәселелерді қарастыру.

          Мақсат: Халықаралық қауымдастыққа интеграция және Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және т.б. шеңберінде денсаулық сақтау саласында ұлттық мүдделерді қорғау.

          Функциялар:

          1) халықаралық қауымдастыққа интеграция және Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық кеңістік, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы және т.б. шеңберінде денсаулық сақтау саласында ұлттық мүдделерді қорғау;

          2) Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық кеңістік, Дүниежүзілік сауда ұйымы және т.б. шеңберінде қабылданатын міндеттемелердің Қазақстан экономикасына мультипликативті әсерін және салдарын бағалауды жүргізу;

            3) аталмыш бірлестіктерге интеграция мәселелері бойынша салалық сараптамалық қорытындылар мен талдамалы ақпаратты, анықтамалық және басқа да деректерді дайындау.

          Мақсат: Денсаулық сақтау саласында халықаралық шарттар мен еклісімдер жасасу.

          Функциялар:

          1) денсаулық сақтау саласындаға халықаралық шарттар мен келісімдерді әзірлеу, келісу, қол қою және түгендеу, сондай-ақ қарауындағы қызмет салаларындағы көпжақты халықаралық шарттарға қосылу бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу.

          2) халықаралық шарттар мен келісімдерді халықаралық құқық нормаларына сәйкес үндестіру.

          Мақсат: Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелде халықаралық іс-шараларды өткізу.

          Функциялар:

          1)  денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелде халықаралық іс-шараларды, сондай-ақ кеңестердің, жұмыс және сарапшылар топтарының, бейнеконференциялардың отырыстарын өткізуге дайындалуға және ұйымдастыруға қатысу;

          2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстваларымен бірлесе сапарларға, Министрлік басшылығының шетел өкілдерімен кездесуге материалдар дайындау.  

6. Департаменттің құқықтары:

1) өз құзыреті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынышты ұйымдардан берілуі міндетті болып табылатын қажетті ақпаратты, статистикалық мәліметтерді сұрау және алу;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және басқа министрліктермен, және басқа ведомстволармен өзара әрекеттесу;

3) өз құзыреті шегінде Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) өз құзыреті шегінде заңнамаға және Министрлік пен Департаменттің ережелеріне сәйке Департаментке жүктелген басқа функцияларды жүзеге асыру.

          Департаменттің міндеттері:

1) Министрліктің Регламентін, Министрліктің ережелерін сақтау;

2) өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер, халықаралық шарттар әзірлеу;

3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысының, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау.

 

 

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

7. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие. 

8. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын директор басқарады.

9. Департамент директоры Департаментке жалпы басшылық жасайды  және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.

10. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

11. Директор осы мақсаттарда:

1) Департаментті білікті кадрлармен қалыптастыруды және олардың кәсіптік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;

2) Департамент құрамына кіретін басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12. Департаменттің атынан Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілген құжаттарға Департамент директоры, ал жоқ болған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды. 

_________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

Дата: 
Жұма, 5 Мамыр, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы