You are here

НҚА-ге баспасөз хабарламалары

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдар»

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі  бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарынға арналған дәрілік  заттардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрі Бұйрығының жобасы.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 желтоқсандағы Заңына сәйкес   (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) енгізілетін болады.

Осыған байланысты, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі  бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарынға арналған дәрілік  заттардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрі Бұйрығының жобасы әзірленді.

Бұйрықтың жобасына аталған белгілі  бір ауруларымен (жай-күйлері) диспансерлік есепте тұрған пациенттерді қамтамасыз ету міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен, республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көзделген.

Дәрілік заттар тізбесіне клиникалық тиімділігі дәлелденген сипатқа ие және қауіпсіз препараттар енгізілген.

Пациенттерді амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету созылмалы аурулардың күшеюін және өршуін азайтуға, емделуге жатқызу және диспансерлік науқастардың мүгедектену деңгейін төмендетуге ықпал етеді. 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы