You are here

Басшылық

Бисмильдин Файзола Бөкейұлы – Әкімшілік департаментінің директоры

 

Бисмильдин Файзола Бөкейұлы 1957 жылғы 11 сәуірде Қарағанды облысының Ульяновский кентінде дүниеге келді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетін бітірді.

1981-1985 жылдар аралығында Павлодар облыстық санитариялық - эпидемиологиялық станцияда дәрігер, кейіннен коммуналдық гигиена бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1985 жылдан бастап Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитариялық - эпидемиологиялық басқармасына инспектор - дәрігер болып ауыстырылды. 

1991-1995 жылдар аралығында алқа хатшы және ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болды.1995-2001 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитариялық - эпидемиологиялық басқармасында бастықтың орынбасары, бастық және Министрлікте, Денсаулық сақтау комитетінде басқа да ұқсас лауазымдарда жұмыс істеді.

2001-2005 жылдар аралығында Парламенті Мәжілісінің аппаратында консультант, сектор меңгерушісі және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2005 жылғы қаңтардан бастап 2007 жылғы ақпанға дейін Астана қаласының Мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, 2007-2009 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі, 2009-2013 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры болды.

2013 жылғы сәуірден бастап 2017 жылғы наурызға дейін Көліктегі ТҚҚ департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрінің Әкімшілік департаментінің директоры болып табылады.

Қазақстанда, Ресейде, Арменияда, АҚШ, Германияда, Канада және Австралияда дәрігерлерді жетілдіру курстарында бірнеше рет біліктілігін арттырды және тағылымдамадан өтті.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталды.

Медицина ғылымдарының кандидаты (2002 ж.)

 

Дата: 
Жұма, 5 Мамыр, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
Қате | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.