Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Туған күні: 05.01.1958 ж.

Отбасы жағдайы: үйленген

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:Свердлов Мемлекеттік медицина институты (1982), «Гигиена, эпидемиология, санитария».

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:

Медицина ғылымдарының докторы

Еңбек өтілі:

  • 1982 жылдан бастап 1987 жылға дейін санитариялық дәрігер, Целиноград қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының коммуналдық гигиена бөлімшесінің меңгерушісі;
  • 1987 жылдан бастап 1990 жылға дейін – Целиноград қалалық және облыстық халықтық бақылау комитеттерінің инспекторы;
  • 1990 жылдан бастап 1998 жылға дейін – Целиноград облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы бас дәрігерінің орынбасары;
  • 1998 жылдан бастап 2011 жылға дейін – Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, Департамент директоры. Медицина ғылымдарының кандидаты;
  • 2011 жылғы 6 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік сантарлық дәрігері болып тағайындалды;
  • 2013 жылғы тамыздан бастап 2014 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2014 жылғы 3 наурыздан бастап тамызға дейін Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.
  • 2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары;
  • 2017 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төраға орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері;
  • 2017 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Құрмет» ордені (2014 жыл);
  • «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 5 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «5 жыл Астана», «10 жыл Астана» мерейтой медальдары;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана қаласы Әкімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алғыс хаттары және басқалары.
Дата: 
Жұма, 9 маусым, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы