You are here

Жұмыс тобының тізімі

Петухова Надежда Михайловна

«Еуразиялық медициналық ассоциация» қауымдастығының нысанында заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

1953 ж. 24 қыркүйекте Украинадағы Луганск облысының Попасная қаласында туған.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

  • Целиноград мемлекеттік медицина институты (1977)
  • Емдеуші дәрігер
  • Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың әлеуметтік гигиенасы бойынша жоғары санаттағы дәрігер

Еңбек өтілі:

  • Целиноград қалалық балалар ауыруханасының учаскелік педиатр-дәрігері, Интерн дәрігер (1977-1981);
  • Целиноград облыстық денсаулық сақтау бөлімінде дәрігер инспектор, емдеу-профилактикалық секторының бастығы, меңгерушінің орынбасары (1981-1988);
  • Астана қаласының №1 қалалық балалар емханасының бас дәрігері (1988-2012);
  • Еуразиялық медициналық ассоциациясының вице-президенті (2017жылдан)

Басқа да лауазымдары:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (01.2013);
  • ҰР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы (04.2017ж. бастап)

Сайланбалы лауазымы, депутаттығы:

  • Екінші (1999-2003) және үшінші (2003-2007) шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты, Әлеуметтік–мәдени даму мәселелері бойынша Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, Астана қаласы әкімдігі жанындағы денсаулықты сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі;
  • Астана қаласы мәслихатының депутаты (1999-2012);
  • «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша  V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (07.12.2011); V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Әлеуметтік–мәдени даму комитетінің мүшесі (18.01.2012-20.01.2016)

Партияға тәуелділігі:

  • «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының мүшесі

Мемлекеттік және халықаралық марапаттаулары, сыйақылары, құрметті атақтары:

  • «Құрмет» ордені;
  • Медальдері: «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі;
  • «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін» және «Алтын дәрігер» төс белгілері.

 

Біртанов Елжан Амантайұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

1971 ж. 18 қазанда Жамбыл қ. туған.

Білімі:

Алматы мемлекеттік медицина институтын, Аризона штаты университетін, Ресей дипломнан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасын бітірген.

Еңбек жолы:

Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының реаниматолог дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып қызмет істеді, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ын басқарды. 2014 жылғы мамырдан - Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқарамасының төрағасы. 2015 жылғы 12 қарашадан – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі. Медицина ғылымдарының докторы. С 25 января 2017 жылғы 25 қаңтардан  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

 

Төкежанов Болат Тұрғанұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы

1972 жылы 19 шілдеде Шығыс  Қазақстан облысында туған.

Білімі:

1994 жылы  «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2010 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті жанында  Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін  үздік бітірді. Экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару  магистрі.

Йорк Университеті (Ұлыбритания, 2000 ж.) Халықаралық денсаулық сақтау экономика орталығында, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде (Ұлыбритания, 2007 ж.), Дьюк Университетінде Сэндфорд мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ, 2008 ж.), Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю ат. Мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур, 2010 ж.) және басқ. білім алды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолы:

Шығыс  Қазақстан облысы бойынша Салық инспекциясының аға салық инспекторы болып жұмыс істеді. Шығыс  Қазақстан облысы қаржы басқармасының жетекші маманы, бастығы, облыстық ММСҚ бөлімшесі директорының орынбасары, Шығыс  Қазақстан облыстық медициналық қызмет төлемдері жөніндегі орталық бөлімшесі директорының орынбасары, директоры, «Денсаулық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс  Қазақстан облыстық филиалының директоры, Шығыс  Қазақстан облысы ақпараттық-медициналық орталығының директоры, Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар басқармасының бөлім бастығы, бастығы, экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық даму департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының ұлттық үйлестірушісі (басшысы).

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдерімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі. Үйленген, үш баласы бар.

2017 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

 

ТӨЛЕҒАЛИЕВА АЖАР ГИНЯТҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

1969 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы

Білімі:

1992 жыл   Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, мамандығы «педиатрия»

2007 жыл   Ш.Есенов ат. Ақтау мемлекеттік университеті, экономика және құқықы факультеті, мамандығы «мемлекеттік және жергілікті басқару», менеджер

2015 жыл   Almaty Management University (ALMU), МВА, мамандығы «іскери әкімшілендіру», бизнес әкімшілендіру магистр.

Біліктілік санаты: денсаулық сақтау ұйымдастырушысы және әлеуметтік-гигиенист  жоғары санаты

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

  • 1992-1994 жж.  Атырау қ. Қалалық балалар ауруханасының учаскелік педиатры
  • 1994-1999 жж.  Ақтау орталық қалалық ауруханасы бөлімшесінің меңгерушісі 
  • 1999-2001 жж.  Маңғыстау облысы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары
  • 2001-2005 жж.  Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
  • 2005-2006 жж.  Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры
  • 2008-2010 жж.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмысы департаментінің басқарма бастығы 
  • 2010-2014 жж.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры
  • 25.11.2016 – қазіргі кезге дейін     ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ:

  • 2009 жыл   біліктілікті арттыру курстары IMC University of Applied Sciences Krems         (Кремс қ., Австрия),
  • 2012 жыл   Ұлттық Сингапур  университеті  Ли Куан  Ю мемлекеттік саясат мектебі (Lee Kuan Yew Sсhoolof Public Policy)  мен  «Назарбаев Университетінің» (Nazarbaev university) бірге өткізген «Қазақстан Республикасының басқарушы мемлекеттік қызметшілеріне арналған мемлекеттік саясат және басқару» бағдарламасы бойынша оқыту
  • 2012 жыл   Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Флагмандық курстары (Барселона, Испания).
  • 2015 жыл «Шешендік өнер» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының біліктілігін арттыру курстары.

ТІЛДЕРДІ БІЛУІ: қазақ, орыс, ағылшын.

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

  • 2001 жыл   ҚР Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен белгіленді
  • 2005 жыл «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды
  • 2006 жыл   «Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістігін қоғамдық мойындау ұлттық сыйлығының лауреаты, «мемлекеттік басқару» номинациясы бойынша
  • 2010 жыл «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды
  • 2013 жыл   ҚР Президентінің құрмет грамотасымен белгіленді
  • 2015 жыл   «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен марапатталды
  • 2015 жыл   III дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ:

2008 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі жобасын және 2014 жылы – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасын әзірлеуге қатысты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеуде жұмыс тобының белсенді мүшесі болды.

Адам құқықтары бойынша БҰҰ-да Қазақстанның мерзімді баяндамаларын қорғауда ҚР қазақстандық делегациясының мүшесі.

 

Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

1972 жылы 5 сәуірде Алматы облысында туған

Білімі: Жоғары білімді, 1997 жыл – Алматы мемлекеттік медицина университеті. Гигиенист дәрігер, эпидемиолог.

Мемлекеттік марапаттаулары, құрметті атақтары: ҚР Құрмет грамотасы,  2012 жыл

Еңбек жолы:

  • Республикалық санитарлық – эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфециялар бөлімінің эпидемиолог дәрігері, Астана қ. 05.08.1997-04.10.1998;
  • Республикалық санитарлық – эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфециялар бөлімінің эпидемиолог дәрігері, Астана қ.04.10.1998-26.03.2002;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекші маманы, Астана қ. 26.03.2002-31.08.2004;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекші маманы, Астана қ. 07.09.2004-12.10.2005;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекші маманы Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшімаманы, Астана қ. 12.10.2005-16.06.2008;
  • ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмысы басқармасының сарапшысы, Астана қ. 16.06.2008-10.03.2009;
  • ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ұйымдастыру-құқықтық және кадрлық жұмысы басқармасының бас сарапшысы, Астана қ. 10.03.2009-04.11.2009;
  • ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ұйымдастыру-құқықтық және кадрлық жұмысы басқармасының бастығы, Астана қ. 04.11.2009-29.01.2010;
  • ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Астана қ. 29.01.2010-13.08.2013;
  • ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Астана қ. 13.08.2013-03.03.2014,
  • Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, Эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, Астана қ. 03.03.2014-14.10.2014,
  • ҚР ҰЭМ Эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Астана қ. 14.10.2014-28.02.2017,
  • ҚР ДСМ Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры, 01.03.2017-қазіргі кезге дейін.

 

Локшин Вячеслав Нотанович

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстан репродуктивті медицина ассоциациясының президенті, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер ассоциациясының президенті, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі IPSEN компаниясы Өкілдігінің бас директоры.

1958 жылы 19 қарашада Қазақстанда Алматыда туған.

Білімі:

1982 жылы  Алматы мемлекеттік медицина институтын  «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді.

Ғылыми дәрежесі

1989 ж. Омбы мемлекеттік медицина институтында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дисертация қорғады.

2005 жылы Санкт-Петербургте (Ресей Федерациясы) медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дисертация қорғады. Қазақстанда В.Н.Локшина диссертациясы нострификацияланған. ҚР-да әзірше репродуктивті медицина саласындағы бірінші және бірегей зерттеу болып табылады.

Еңбек жолы:

  • 1983 - 1996 жж. АММИ емдеу  факультетінің  акушерлік және гинекология кафедрасында ассистент, доцент болып жұмыс істеді.
  • 1994 жылдан Қазақстан Республикасындағы, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі IPSEN (Франция) компаниясы Өкілдігінің бас директоры.
  • 1996 - 2007 жж. - Алматы қаласындағы Адам репродукциясы қалалық орталығының ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
  • 2000 жылдан "ЭКО" орталығының директоры.
  • 2008 жылдан қазірге дейін Алматы қ. Репродуктивті медицина институтының ректоры.
  • 2016 жылдан – Алматы қ. «PERSONA» Халықаралық клиникалық репродуктология орталығының басшысы.

Педагогикалық қызметі

Медицина ғылымдарының 4 кандидатын және 1 докторын дайындады, Қазақстанда репродуктивті медицина саласында жұмыс істейтін практикалық дәрігерлер мектебін құрды.

Негізгі ғылыми жетістіктері:

  • 2007 ж. – Ресей медициналық-техникалық ғылымдар академиясының  академигі атағын алды.
  • 2010 ж. – профессор атағын алды.
  • 2013 ж. – ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі атағын алды.
  • 215 еңбектің, оның ішінде 5 әдістемелік ұсынымның авторы.
  • 3 монографияның авторы.
  • 5 рационализаторлық ұсыныстың авторы.
  • Өнертабысқа берілген 7 патенті бар.
  • «Репродуктивті медицина» Халықаралық ғылыми-практикалық журналыының бас редакторы.
  • Ресейдегі және Қазақстандағы бірқатар медициналық журналдардың ред.аласының мүшесі  («Акушерлік және гинекология», «Репродукция проблемасы», «Ремедиум», «Консилиум» және т.б.).

Қоғамдық жұмысы:

  • 1999 жылдан – ҚР-да Фармацевтикалық фирмалар өкілдігі ассоциациясының президенті.
  • 2008 жылдан – Қазақстан репродуктивті медицина ассоциациясының президенті.
  • 2008 жылдан – Қазақстан репродуктивті медицина ассоциациясының жыл сайынғы Халықаралық конгресстің президенті.
  • 2012 жылдан – Халықаралық фармацевтикалық фирмалар өкілдігі ассоциациясының президенті.
  • 2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшесі.
  • 2012-2014 жж. – Ұлттық аналар мен балалар ғылыми орталығының Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2007-2014 жж. – ҚР ДСМ алқасының мүшесі болды.
  • 2015 жылдан – Алматы қ. МДСБ алқасының мүшесі.
  • ҚР ДСМ жанында және Алматы қ. әкімдігінде Қоғамдық кеңестің мүшесі.
  • Репродуктивті медицина саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеушілердің бірі .

Марапаттаулары:

ҚР ДСМ-нің бірнеше грамоталарымен, «Алтын дәрігер» белгісімен, «Денсаулык сақтау қоскан үлесi үшiн», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдерімен, Алматы қ. Әкімінің грамотасымен, «Ерен енбегі үшін» медалімен (2013), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапталды.

 

Кульжанов Мақсұт Каримұлы

 «Республикалық медициналық палата» басқармасының төрағасы

10 тамыз 1949 ж.т.

Атқаратын лауазымы:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК бас директорының орынбасары, ДДСҰ атқару комитетінің мүшесі

Жұмыс орны:

«Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК

БІЛІМІ:

  • 1972 жылу Қарағанды медициналық институтын емдеуші дәрігер мамандығы бойынша бітірді.
  • Медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Өтпелі кезеңде денсаулық сақтауды реформалау проблемаларының негіздемесі», (1993); профессор (2004); Virginia Commonwealth University профессоры (АҚШ, 2004).

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

  • 1972-1973 жылдары - республикалық клиникалық ауруханасының дәрігері;
  • 1973-1975 жылдары - Эпидемиология, микробиология және инфекциялық аурулар ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері;
  • 1975-1978 жылдары - Өлкелік патология ҚазҒЗИ аспиранты;
  • 1978-1987 жылдары - Кардиология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, Гигиена және кәсіби аурулар ҚазҒЗИ кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері;
  • 1987-1990 жылдары - Республикалық денсаулық сақтау орталығының бас директорының орынбасары;
  • 1990-1992 жылдары - Гигиена және кәсіби аурулар ҚазҒЗИ зертханасының меңгерушісі;
  • 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары;
  • 1997 жылдан - Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ректоры;
  • 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық денсаулық сақтау палатасының президенті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары (2012 жылдан);
  • 2015 ж. мамырдан – ДДСҰ атқару комитетінің мүшесі.

Ибраев Серік Ескендірұлы

«Астана медициналық университеті» АҚ әлеуметтік гигиена, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының профессоры

1949 жылы 21 мамырда Көкшетау облысы Жамбыл аулында туған.

Целиноград мемлекеттік медицина институтын (1966-1972жж.), емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Володаровск орталық аудандық ауруханасының хирург дәрігері (1973-1974 гг.), Зеренді орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі (1974-1980жж.) болып бастады.

Ұйымдастырушылық қасиетін ескере отырып, 1980 жылы Зеренді орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды және осы лауазымда 1992 жылға дейін қызмет істеді. С.Е.Ибраев басқарып отырған Орталық аудандық ауруханасы (ОАА) республиканың  ЕПҰ арасында бірнеше рет облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болды, ҚР ДСМ мен республикалық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Дипломдарымен және Ауыспалы Қызыл тумен марапатталды.

1992 жылдан 1997 жылға дейін Көкшетау облысы Облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарды, сосын екі облыстың бірігуіне байланысты 1997 - 1999 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының облыстық Денсаулық сақтау департаментінің бастығы болып қызмет істеді.

1999 жылы сәуірде ҚР Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, содан кейін орталық басқарма органының қайта құрылуына байланысты  - ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2000 ж. қарашадан 2002 ж. ақпанға дейін  Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры болып жұмыс істеді. 2002 ж. наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы бастығының орынбасары  және 2006 ж. қазан - 2008 ж. наурыз аралығында  –  Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының бастығы болып тағайындалды. 2008 жылы наурыздан қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының бас дәрігері болып қызмет істеді.

2008 жылы қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Республикалық диагностикалық орталығы» РМК директоры болып тағайындалды, 2009 ж. ақпаннан «Астана Медициналық университеті» АҚ стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2009ж. сәуірден 2010ж. ақпанға дейін  «Мейірім» көп салалы медициналық орталығының бас дәрігері лауазымында қызмет істеді.

2010ж. наурыздан  ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ-ғы РМК (РДСДО) Бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет істеді.

Қазақстан Республикасы  Президенті Жарғысымен ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2006ж.) және  «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005ж.), «Қазақстанның тауелсіздігіне 20 жыл» (2012ж.)  медалімен, сондай-ақ  "СССР денсаулық  сақтау ісінің үздігі" (1985ж.),  «Қазақстанның  денсаулық  сақтау ісінің үздігіне» (1995 ж.), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2009ж.)  және «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» (2009ж.) төс белгілерімен марапатталды.

2001 жылы  «Әлеуметтік – экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын реформалау процестерін өлшеудің методологиялық технологиялары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады.

Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері біздің елімізде және шетелде денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламаларын әзірлеуде қолданылады. 

2007 жылы ҚР ДСМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және талдау комитетінің (БҒҚТК) Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен медицина профессоры ғылыми атағы берілді.

С.Е.Ибраев 250 –ден астам баспасөз еңбегін жариялады, соның ішінде 4 монография, 14 әдістемелік ұсыным, 2 оқу-әдістемелік құрал және  4 рацұсыныс жариялады. Оның ғылыми жетекшілігімен қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша 5 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалды. Бірқатар магистрлік және докторлық (phD) диссертациялардың ғылыми жетекшісі болып табылады.

2007 жылы Ресей медициналық-техникалық ғылымдар академиясының нақты мүшесі (академигі) болып сайланды.

С.Е.Ибраевқа жеткен кәсіби табыстары үшін денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер ретінде жоғары біліктілік санаты берілді. Көп жыл бойы денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігердің жоғары біліктілік санатын беру жөніндегі Орталық аттестациялық комиссиясының мүшесі болып табылады.

Негізгі жұмысын оқытушылық қызметпен ұштастыра біледі – «Астана медициналық университеті» АҚ әлеуметтік гигиена, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының профессоры.

Көптеген қоғамдық жұмысты атқарады: избирался неоднократно депутатом районного совета народных депутатов, членом ЦК Красного Креста и полумесяца. 2008 ж. маусымда Қазақстан дәрігерлер және провизорлар ассоциациясының Бас хатшысы болып сайланды, Қазақстан реабилитологтар және курортологтар ассоциациясының Президенті болып табылады. Осы Ассоциацияның бастамасымен дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтар номенклатурасына  медициналық реабилитолог және қалпына келтіру медицинасы кірді. Жоғары біліктілік санатын беру бойынша ҚР ДСМ аттестациялық комиссиясының мүшесі болып табылады.

Алматы, Мәскеу ққ., АҚШ-та және Жапонияда дәрігерлерді жетілдіру институттарында әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөнінде хирургия бойынша бірнеше жетілдіру курстарынан өтті.

Үйленген, үш баласы, төрт немересі бар.

 

Шарманов Төрегелді Шарманұлы

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медициналық ғылымдар академиясының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Профилактикалық медицина академиясының президенті, Қазақ балалар тағамтану қорының, ДДСҰ-ның сараптаушылар комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты және дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамыту ісіне қосқан орасан зор үлесі үшін Леона Бернард атындағы ДДСҰ сыйлығының лауреаты. Декларациясы «20-шы ғасыр дүниежүзілік денсаулық сактау ісінің ұлы хартиясы» деп мойындалған, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған ДДСҰ және ЮНИСЕФ-тің Алматы қаласында өткен Тарихи халықаралық  конференциясын (1978) ұйымдастырушылардың бірі.

1930 жылы 19 қазанда ҚР Қарағанды облысының Ұлытау ауылында туған.

Білімі:

1949 жылы орта мектепті бітіргенінен кейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне емдеу факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітірді. 1955 - 1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде фармакология кафедрасында аспирантурада оқыды.

1958-1962 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

1961 жылы Т.Ш. Шарманов медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Синтомицин мен левомицетіннің қанға әсер етудің эксперименталды зерттеу материалдары» деген тақырыпта диссертация қорғады.

Еңбек жолы:

  • 1962 жылдан 1968 жылдары Қаз. КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Аймақтық патология ҒЗИ-да тағам бөлімін басқарды. «Қазақстанда С гиповитаминозы және оның бруцеллез кезінде организмнің иммундық биологиялық реактивтілігіне әсер етуі» деген тақырыпта медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғағаннан кейін 1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ректоры болып тағайындалды және бір мезгілде фармакология кафедрасын басқарды. Бұл қызметтерде ол 1971 жылға дейін жұмыс істеді.
  • 1971-1982 жылдары  Қаз КСР Денсаулық сақтау министрі боды.
  • 1973 жылдан 1984 жылға дейін өзінің бастамасымен құрылған КСРО МҒА Тағамтану институтының Қазақ филиалының директоры қызметін атқарды.
  • 1985-1988 жылдары КСРО ДСМ дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының Ленин орденді Орталық тағамтану кафедрасын (ЦОЛИУВ)   және КСРО МҒА Тағамтану институтының клиникалық витаминология зертханасын басқарды.
  • 1988 жылдан бастап - КСРО МҒА Аймақтық тағамтану мәселелері институтының директоры (қазіргі кезде Қазақ тағамтану академиясының президенті).

Оның басшылығмен ТМД аумағында ұқсастығы жоқ балалар тамағын өндіретін «Амиран» Қазақ тамақ  академиясының  зауыты» құрылды, оның өнімділігі тәулігіне 15 тонна дайын өнімді өндіреді, балалардың  жаңа тамағы,  бірқатар емдік-профилактикалық тамақ өнімдері денсаулық сақтау практикасына еңгізілді.

Т.Ш.Шарманов –  «Тамақтану мәселелері» (Мәскеу қ.) ғылыми-практикалық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі, ҚР ҰҒА Президиумының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті, Қазақ балалар тағамтану қорының президенті, ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі, Биохимиктер, гастроэнтерологтар мен нутрициологтар, аллергологтар мен иммунологтар, гигиенисттер, терапевттер республикалық ғылыми қоғамының мүшесі.

Оның басшылығымен 40 докторлық және 135 кандидаттық диссертация  қорғалды. Т.Ш.Шарманов 460-ға жуық жарияланымдардың авторы, соның ішінде 38 монография және 40 өнертабыс. Үш рет Қазақстан Республикасының Парламентіне сайланды.

Марапаттары:

Октябрь революциясы (1976 ж.), Халықтар достығы (1980 ж.), Парасат (1996 ж.) ордендерімен, көптеген медальдермен марапатталған. Т.Ш.Шарманов ғылым және техника саласындағы: “Республикада тағам туралы ғылымның іргелі де қолданбалы аспектілерін дайындау” (1974 - 2000 жж. аралығындағы кезеңде) атты ұжымдық жұмыс циклі бойынша 2001 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. 2001 жылдан бастап ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 20.06.2007 жылы академик Т.Ш. Шарманов ҚР балалардың жағдайын жақсарту және олардың құқықтарын қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін БҰҰ-ның балалар қорының естелік белгісімен марапатталды. 

Негізгі жетістіктері – ДДСҰ-ның тағам жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету жөніндегі ДДСҰ-ның және ЮНИСЕФ-тің Алматы конференциясын ұйымдастырушылардың бірі (Алматы қ., 1978 ж.); «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық тағамтану саясатының» (1996) авторы; 460 ғылыми еңбектің, соның ішінде 21 монографияның және 12 кітаптың авторы, 40-тан астам өнертабыстың авторы. Негізгі еңбектері: «Медициналық-демографиялық зерттеулер 1995». Калвертон, АҚШ, 1996; «Медициналық-демографиялық зерттеулер 1999», Калвертон, АҚШ, 1999., «Қазақстан жаһандық тағамтану мәселелері контекстінде», Алматы, 2000; «Халықтың тамақтану жағдайын жалпы ұлттық зерттеу», Алматы, 2001; «Денсаулық құқығына ұзақ өрлеу», Алматы, «Атамұра», 1998; «Ұлы Алматы конференциясына дейінгі және одан кейінгі дүниежүзілік денсаулық сақтау» (2003), «Алматы дүниежүзілік денсаулық сақтау межесі» (2008 ж. ағылшын, қазақ, орыс, француз және испан тілдерінде). Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың мемлекеттік тізілімі (2008 ж.). «Маңызды микронутриенттердің рөлі, жетіспеушілігі және алдын алу», Алматы, 2009 ж.

 

Якупбаева Юлия Константиновна

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары

16.04.1977 жылы туған. ҚазКСР; Алматы

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (Алматы, Қазақстан) (1998)

Мамандығы «Қаржы және несие»

Еңбек өтілі:

  • ҚР Ұлттық Банкі Қаржылық қадағалау департаментінің жетекші, бас маманы (1998-2002);
  • Қаржы мәселелері бойынша сарапшы, Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясындағы құнды қағаздар нарығы мен зейнетақы секторы бойынша департамент директоры (2002-2007);
  • Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының басқарушы директоры (2007-2011);
  • Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясы кеңесі басқармасы төрағасының орынбасары (2011-2012);
  • Басқарушы директор -  «Атамекен» одағы» ҚҰЭП басқарма мүшесі. Қаржы секторы, салық салу, тариф түзу және бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне жетекшілік етті. (2012-2013);
  • ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасының кеңесшісі (11.2013-10.2014);
  • «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары ( 11.2014 жылдан).

Басқа да лауазымдары:

  • Атқарған лауазымдары: бірқатар компаниялардың, соның ішінде  «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ,  «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүше директоры;
  • Әр жылдары ««РФЦА» рейтингтік агенттігі» АҚ рейтингтік комитетінің мүшесі,  «Казахстандық қор биржасы» АҚ Сараптау комитетінің мүшесі болды.
  • Сараптау ұйымы палатасының төрағасы (02.-18.04.2016);
  • «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ( 1.06.2016ж. бастап);
  • ЭКСПО-2017 Қоғамдық кеңестің мүшесі ( 7.06.2016ж. бастап);
  • ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма мүшесі (12.2016 бастап);
  • Мемлекеттік және халықаралық марапаттаулары, сыйақылары, құрметті атақтары:
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл  мерейтойлық медалі, Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы «Құрметті қаржыгері» қоғамдық ордені, НЭПК II дәрежелі «Адал ісі үшін» «Атамекен» одағы» ҚҰЭП-ның  медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (12.2016)

 «Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ президенті

 

Дурманова Марина Ивановна

11.07.1961 жылы туған.                                                               

Ұлты: орыс                                             

Білімі: жоғары фармацевтикалық 

Асфендияров ат. Алматы мемлекеттік медицина институты 

Жұмыс орны: «Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ

Жалпы еңбек өтілі:  39 жыл

Өзінің фармацевтика саласындағы еңбек жолын 1986 жылы дәріханада бөліп өлшеуші болып бастаған. 1987 жылы Республикалық медициналық училищеге оқуға түскен. Медициналық училищені бітірген соң, 1989 жылы дәріханаға фармацевт қызметіне қайта оралды. 1990 жылы Асфендияров ат. Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, институтты аяқтаған соң, 1995 жылы дәріхана пунктінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.  1997 - 2000 жылдар аралығында - «Авиценна» емдеу-сауықтыру орталығы» ЖШС дәріханасында меңгеруші болды. 

Қоғамдық қызметті жүзеге асыруы:  2000 жылдан бастап «Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ-де бас маман болып жұмыс істеді.

2016 жылы сәуір айында «Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ-нің президенті болып сайланды және бекітілді. 

Қазақстан Республикасында  қазіргі кезеңде қоғамдық қызмет форматында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттарын әзірлеуге қатысамын, Қауымдастық мүшелерімен және фармацевтикалық сектор  кәсіпкерлерімен консультациялық – әдістемелік жұмысты  тұрақты жүргіземін,  кәсіпкерлік және кәсіби қызметтер саласындағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда Қауымдастық мүшелерінің мүддесін көздеймін.

 «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласының әкімдігінде, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы Сараптау кеңестерінің жұмыстарына қатысамын.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп комитетінің Формулярлық комиссиясының,  С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультеті кеңесінің құрамына кіремін. 

Мынадай: «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік құралдармен қамтамасыз ету туралы және ҚР-дағы фармацевтика саласының жағдайы мен дамуы туралы» тақырыбында парламенттік тыңдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша; Евразиялық экономикалық комиссиясының Алқасы жанындағы дәрілік құралдардың айналымын реттеуге қойылатын  жалпы тәсілдерді қалыптастыру бойынша; Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқасы жанындағы медициналық бұйымдардың айналымын реттеуге қойылатын  жалпы тәсілдерді қалыптастыру бойынша; Қазақстан Республикасында Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері жөніндегі Жұмыс топтарының мүшесімін.

«Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісімен марапатталғанмын. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық институтының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталғанмын. 

Кәсіби қызметі:

Дурманова Марина Ивановна, «Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ президенті ретінде, қауымдастық мүшелерінің мүдделерін көздейді, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда кәсіби қызметтерін жүзеге асыру үшін олардың құқықтарын қорғайды, Қазақстан Республикасында да, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де өзара тиімді байланысты кеңейтуде көмек көрсетеді.  Өтінішпен келген Қауымдастық мүшелеріне де, қарапайым азаматтарға да өзінің кәсіби қызметі форматында   консультациялық қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлік және кәсіби қызмет саласындағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында, қолданыстағы нормативтік – құқықтық актілерді әзірлеуге және өзгерістер енгізуге белсене қатысады. Қазақстан Республикасының дәрілік саясатын түсіндіру үшін Ассоциация мүшелерімен және фармацевтика жұртшылығымен кездесулер өткізеді.

 

Есімов Даулетхан Серғазыұлы

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы дәрігер.

 «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» басқармасының төрағасы.

1963 жылы 21 маусымда туған.

Білімі:

1985 ж. Қарағанды медицина институтын «Дәрігер-стоматолог» мамандығы бойынша бітірген, 2001ж. Қарағанды экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

  • Өзінің еңбек жолын 1985 жылы Торғай облыстық стоматологиялық емханасында дәрігер-стоматолог болып бастады, одан кейін Арқалық қаласындағы Орталық қалалық ауруханасында жақ сүйек-бет хирургі болып жұмыс істеді.
  • 1995 - 1996 жылдар аралығында Ақмола облыстық ауруханасында жақ сүйек-бет хирургі, Целиноград Мемлекеттік медициналық институтының хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті болды.
  • Өзінің еңбек қызметі жолында Ақмола облыстық ФОМС бөлімі директорының орынбасары, Республикалық клиникалық ауруханасында бөлім меңгерушісі, « Медициналық қызметтің сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы» РМҚК-ның Астана қалалық филиалының бөлім бастығы, директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінде түрлі қызметтер атқарды.  
  • 2009 - 2011жылдар аралығында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
  • 2011 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды. 2014 жылдан бастап ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК Бас директорының орынбасары.
  • 2016 жылғы 21 сәуірден қазіргі кезге дейін «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» басқармасының төрағасы қызметін атқарады

 

Түменова Бахыт Ниязбекқызы

«Аман-саулық» Қоғамдық қорының президенті. Дәрігер, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі,

Алматы қаласының әкімдігі жанындағы Сараптау Қоғамдық кеңесінің мүшесі,

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының Қоғамдық кеңес мүшесі, 

Пациенттердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жөніндегі Халықаралық бастама мүшесі.

Туған жылы және туған жері: 1948 ж.,  Қызылорда қ.

Білімі:  Семей мемлекеттік медициналық институты, 1966 — 1972 жж., мамандығы - педиатрия

Жұмыс тәжірибесі:

  • Семей, 1972-1986 жж., балалар жұқпалы аурулар ауруханасы: Дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер.
  • Семей, 1986-1994 жж., Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы: Ана және баланы қорғау мәселелері бойынша басшының орынбасары, емдеу мәселелері бойынша басшының бірінші орынбасары.
  • Семей, 1994-1998 жж., Облыстық әкімшілік басшысының аппараты -  Облыс әкімінің аппараты: Семей ядролық сынақ полигонындағы  ядролық сынақтардың салдарын жою жөніндегі бөлім меңгерушісі, Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.
  • Павлодар, 1998-2001 жж., Облыс әкімінің аппараты: Әлеуметтік мәселелер жөніндегі облыс әкімінің орынбасары.
  • Алматы, 2001-2003 жж., «Қазақстанның демократиялық таңдауы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы.
  • Алматы, 2003-2007 жж., «Алға!» Ұлттық партиясы (ДВК): Орталық аппарат басшысы, Саяси Кеңес Президиумы төрағасының орынбасары.
  • Алматы, 2007 жылдан қазіргі кезге дейін «Аман-саулық» Қоғамдық қорының президенті. 

 

Кунирова Гүлнар Жайлығалиқызы

 «Қазақ паллиативтік көмек көрсету қауымдастығы» ЗТБ Президенті, «Қатерлі ісікке қарсы біргеміз» қоғамдық қорының атқарушы директоры,

Туған жылы: 1967 ж. 14 қыркүйек, Алматы қ.

Білімі: 1984-1989 жж. – Алматы шет тілдер педагогикалық институты, Алматы қ., (ағылшын, неміс тілдерінің оқытушысы)

2001-2003 жж. –«Қайнар» университеті, Алматы қ., (психолог, психолог-оқытушы)

Жұмыс тәжірибесі:

1989-1991 жж. – Қазақстан жазушылар одағы (Бас редакциялық алқаның шетел бөлімінің редакторы);

1991 – «Невада - Семей» Қоғамдық ядроға қарсы қозғалысы (шетелдік байланыстар жөніндегі референт);

1991 - 1992 жылдар аралығында – «Теольбоне - Қазақстан»  Оңтүстік Корея компаниясы (аудармашы);

1992 - 2006 жылдар аралығында –«Меркейтор Корпорэйшн» консалтингтік фирманың өкілдігі (офис менеджер, аудармашы);

2006 - 2008 жылдар аралығында – «КазЭнерджи» мұнай және энергетикалық компаниясының ассоциациясы (бас менеджер);

2009 - 2010 жылдар аралығында – Key Element LLC компаниясының өкілдігі (өкілдік басшысы);

05.2010 жылдан қазіргі кезге дейін - «Қатерлі ісікке қарсы біргеміз» қоғамдық қоры (атқарушы директор);

05.2013 жылдан қазіргі кезге дейін – «Қазақ паллиативтік көмек көрсету қауымдастығы» ЗТБ (Президент).

 

Тажібай Бақытжан Арынұлы

Тажібай Бақытжан Арынұлы, Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) 1974 жылы туған.

Білімі:

1988 жылы Алматы қаласындағы республикалық медициналық училищеге (РМУ) оқуға түсті. 1991 жылы РМУ-дің «фельдшер-зертханашы» мамандығын үздік бітіріп шықты. 1991-1997 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің емдеу факультетінде оқыды. Медициналық еңбек өтілін 1996 жылы Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде мейіргер қызметінен бастады. Университетті бітірген соң, Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында орналасқан госпитальдік хирургия кафедрасында клиникалық ординатураға түсті.

Еңбек жолы:

1999 жылы ординатураны бітіргеннен кейін Астана қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасының хирургия бөлімінде дәрігер-ординатор ретінде жұмысқа қабылданды, онда 2001 жылдың наурыз айына дейін жұмыс істеді. 2001 жылдың наурыз айынан 2006 жылдың тамыз айына дейін Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының балалар хирургиясы кафедрасында ассистент болды. 2006 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты қорғады.

2006 жылғы 31 тамыздан 2007  жылғы тамызға дейін  Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының педиатрия, стоматология факультеттерінің және «Шығыс медицинасы» факультетінің деканы болды.  Факультеттерге басшылық еткен кезеңдерде факультеттерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен мемлекеттік аттестациядан өтуге дайындады және сәтті өтті. Сондай-ақ ISO 9001 стандартын енгізу жөнінде деканатты аккредитеуге дайындады және сәтті өтті.   

2007 жылғы тамыздан 2011 жылдың қаңтар айына дейін Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында дәрігер - балалар  урологы болып жұмыс істеді. «Балалар урологиясы» мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік санатты дәрігер. Балалар  урологиясы, балалар хирургиясы бойынша мастер-сыныптан, тақырыптық жетілдіру курстарынан өтті, оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша факультеттерден, ISO және JCI стандарттарын ендіру жөнінде семинарлардан өтті.

2010 жылы сәуір айында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды. Ұйым шетелдік «Vamed» (Австрия) компаниясының басқаруына берілгенге дейін Кәсіподақ қызметі жұмысын істеді.

2010 жылғы желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ филиалының құрылтай конференциясының қаулысымен филиал төрағасы болып сайланды.

2011 жылы қазан айында «Денсаулық сақтау саласының менеджменті» мамандығы бойынша «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды тиімді басқару» циклі бойынша біліктілігін арттырудан өтті.

2011 жылғы 11-19 қазан аралығында «Санкт-Петербург кәсіподақ гуманитарлық университеті» жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік емес білім беру мекемесінде ТМД және Балтика елдерінің кәсіподақ кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу» деген тақырыпта қысқа мерзімді оқытудан өтті.  

2010-2012 жылдарға арналған лайықты еңбек ұлттық бағдарламасын орындау шеңберінде Турин қаласында 2012 жылғы 18-22 маусым аралығында Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың Халықаралық оқу орталығында: «Ананы қорғау саласында ұйымдастырушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін нығайту және Әлеуметтік қорғаудың Гендерлік аспектісі» атты семинарда оқып келді.

2017 жылы «Конфликтология» бағыты бойынша Санкт-Петербург кәсіподақ гуманитарлық университетінің сырттай факультетінде магистратураны үздік бітірді.

Қазіргі таңда 2014 жылғы 10 желтоқсаннан бастап «Қазақстан денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары және 2014 жылғы 10 желтоқсаннан бастап «Қазақстан денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалына төрағалық етеді.

2016 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Үйленген, үш ұл тәрбиелеп отыр.

 

Жақыпова Динара Сағатқызы

«MeridianMedia» МК Бас директоры

«MeridianConsulting» орталығының директоры және бизнес-тренері

«BusinessMeridian» іскери басылымының бас редакторы

Адизеса институтының Қазақстандағы ресми өкілі

Жеке деректері:

Туған жылы: 18 мамыр 1976 ж.

Туған жері: Астана қ.;

Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған, 2 баласы бар.

Білімі:

  • 1993-2001 – Акмола Мемлекеттік медицина академиясы, мамандығы – емдеу ісі. Интернатура – дермато-венерология;
  • 2000-2003 – «Тұран» университеті, экономика факультеті. Мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару.
  • 2011-2013 – Іскери әкімшілік шебері (ІӘШ); Мәскеу бизнес мектебі
  • 2014–2017 – Халықаралық Адизеса институтының ресми өкілі
  • (Компаниядағы өзгерістерді басқару)
  • 2010-2012 –Бизнес және Кадрлық технологиялар институты (Мәскеу қ.);
  • 2010-2011 ж. Эриксон Коучинг университеті (Канада);
  • 2003-2015 – GR-менеджмент, маркетинг және PR, self-брендингі (3500 сағаттан артық сертификатталған тренингтер);
  • 2015ж. Маинц қ., (Германия) Университет клиникасы жанындағы «Германдық жаңа заманғы медицина» мамандығы бойынша;
  • 2016-2017жж. – «Асыл Бала» Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ғұмыр үшін» (балаларға көмек беру бағдарламасы) жобасының басшысы;
  • 2016 жылдан қазіргі кезге дейін  – Онкопатологиясы бар балалардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • 2017 жылдан қазіргі кезге дейін  – 2017-2020 жылдарға арналған балалар онкологиясын дамыту бойынша Жол картасын құру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.

Жұмыс тәжірибесі:

05.2009 жылдан қазіргі кезге дейін  – «MeridianMedia» МК негізін салушы және Бас директоры. Жұмыс кезінде шағын және орта бизнеске арналған 70-тен аса бизнес-ивент, соның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылар мен институттардың, мемлекеттік құрылымдар мен салалық  қауымдастықтардың қатысуымен 6 халықаралық практикалық конференция өткізілді.

«BUSSINESMERIDIAN» іскери журналын шығарушы және бас редакторы, Журналдың 38 нөмірін шығарды, менеджмент, бизнес-білім және көшбасшылық тақырыптарына  арналған 40-тан астам жеке мақалалары жарияланды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
Қате | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.