You are here

Жаңалықтар

22.05.2017 г.

Астана қаласындағы көп салалы стационарлардың қабылдау бөлімдері арасында №2 қалалық ауруxана озат атанды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылығымен Республикалық санитариялық авиация орталығы және Астана қаласының №2 ауруханасымен ұйымдастырылған қаланың көпсалалы станционарларының қабылдау бөлімшелерінің арасында жарыс өтті. Жарысқа №№1, 2 қалалық ауруханаларының, №2 қалалық балалар ауруханасының және «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ клиникасының қабылдау бөлімшелерінің командалары қатысты. 

Жарыстың мақсаты қабылдау бөлімшелері мамандарының кәсіпқойлық, жедел әрекет етушілік және командалық жұмыс деңгейлерін арттыру болып табылады.

Жарыс 6 ситуациялық тапсырмадан тұрды, командалар халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетулері қажет болды. Әрбір тапсырманы орындауға 20 минуттан уақыт берілді. Жарыста оқиғалардың шынайы ортасы қалыптастырылды, пациенттердің ролін арнайы стандарттау дайындығынан өткен пациенттер орындады, симмуляциялаушы жабдықтарды пайдаланды.

Негізгі назар пациенттерді триаж-жүйесі, пациенттерді қабылдау, диагностикалау және халықаралық стандарттарға сәйкес шұғыл емдеуге жатқызу көрсеткіштерін анықтау бойынша іріктеуге бөлінді.

Төрешілер мен емтихан қабылдаушылар толық және сапалы шұғыл көмек көрсету, хаттамаларды сақтау, командалардың коммуникациялық машықтары, орнында медициналық персоналдардың жұмысты ұйымдастыру, пациентті қарау, жағдайларын танымдау және медициналық іріктеуді жүргізу критерийлері бойынша командалардың жұмысына баға берді.

Барлық командалар клиникалық тәжірибе және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша кәсіпқойлықтың жоғарғы деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №2 қалалық аурухана, екінші орынды екі команда бөліп алды: №1 қалалық аурухана және №2 қалалық балалар ауруханасы. Үшінші орын «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ клиникасына берілді.

Қазіргі уақытта қабылдау бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады. Бұл мәселе «Астана ЭКСПО 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында айрықша өзекті. 

Мұндай жарыстар медицина қызметкерлерінің тек қана біліктілігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге қабылдау бөлімшелері медициналық қызметкерлерінің командалық және келісілген жұмысының маңыздылығын көрсетеді. 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
Қате | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.