You are here

Жаңалықтар

В Астане эксперты обсудили вопросы по совершенствованию мер профилактики сахарного диабета
14.11.2017 г.

Астанада сарапшылар қант диабетінің профилактикасы шараларын жетілдіру бойынша мәселелерді талқылады

Бүгін Астанада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні және «Назар аударыңыз: Диабеттен сақтаныңыз!» халықаралық жобасының аяқталуы шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің денсаулық сақтау бағыты бойынша партиялық комиссия мүшелерінің, министрліктердің, ведомстволар мен бизнес-құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «Қант диабеті және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Диабет ағартушылық Қоғамдық Қоры.

Дөңгелек үстелде қант диабеті профилактикасының шараларын жетілдіру, ерте айқындау, қант диабетімен ауыратын науқастарды тиімді емдеу бойынша бір қатар мәселелер талқыланды.

Жиналғандардың алдында сөз сөйле отырып, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016 жылғы қарашада Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылға арналған эндокринологиялық қызметті жетілдіру бойынша жол картасы бекіттілгенің атап өтті. Басымдықтардың бірі «Қант диабеті» Ұлттық тіркелімі» ақпараттық жүйесін жетілдіру болып табылады. Бүгінгі күні пациенттің электрондық картасына дене массасының индексі, гликирлі гемоглобин, креатинин деңгейі, кардиолог, нефролог, офтальмолог, ангихирург мамандардың қарап-тексеруі кіреді. Жол картасын іске асыру қант диабеті бар пациенттердің арасында өлім себебіне талдау жүргізуге, түйінді индикаторлар бойынша мониторинг, қолданыстағы емдеу стандарттарын бағалауға, дәрілік препараттардың жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 «2017 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 1 және 2 типті қант диабеті бар пациенттердің қанындағы глюкозаны айқындау үшін тест-жолақтармен қамтамасыз ету ұлғайтылды. Бұдан басқа, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізіміне қантты төмендететін заманауи препарат: Канаглифлозин және Линаглиптин  енгізілді», - деп атап өтті Елжан Біртанов.

Ол 5 жыл бойы балалар мен жасөспірімдердің 1 типті қант диабетін емдеудің заманауи әдістерін енгізу бойынша жоба табысты іске асырылуда (помпалы инсулин терапиясы). 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге 1426 инсулин помпасы орнатылды.

Бұдан басқа, пациенттерді өз денсаулығына ортақ жауапкершілікке тарту және созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару жөніндегі менеджментті енгізу мақсатында Ауруларды басқару тұжырымдамасы әзірленді. Аталған жоба қант диабеті, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі сияқты әлеуметтік мәні бар аурулардың менеджментін қамтиды.

Анықтама үшін: Қант диабеті бүкіл әлемде ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бірінші қатардағы басымдығы болып табылады. Осы аурудың қарқынды таралуын есепке ала отырып, ДДҰ сарапшылары қант диабетімен ауыратын науқастардың саны 2040 жылға қарай 1,5 есеге өсетінін болжап отыр. 2 типті диабеттің дамуы дененің артық салмағына, жоғары калориялы тағамды тұтынумен және қозғалысы аз өмірмен байланысты екені белгілі. ҚД Ұлттық тіркелімінің 2017 жылғы 1 қазандағы деректері бойынша 307824 адам тіркелген, оның 1,7%-ы халықтың орташа жылдық санын құрайды. 18 жастан жоғары ересектердің арасында 2 типті ҚД таралуы 2,36%-ды құрайды. Денсаулық сақтау жүйесінде балалар эндокринологтарын қоса алғанда 810 эндокринолог жұмыс істейді.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы