You are here

Жаңалықтар

10.11.2017 г.

Челябинск қаласында Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Байқоңырда медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды

Бүгін Челябинск қаласында Қазақстан мен Ресей xалықаралық серіктестігінің ХІV форумы шеңберінде мемлекет басшыларының қатысуымен 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.

Хаттамаға қол қою рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова қатысты.

Құжатқа қол қою мақсаты: Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстанның азаматтарына ұлттық заңнамаға сәйкес еліміздің барлық субьектілерімен медициналық көмек көрсету мәселелерін заңнамалық реттеу болып табылады. Нәтижесінде Байқоңыр қаласында, Төретам, Ақсай кенттерінде тұратын еліміздің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасының жақсаруына мүмкіндік беріледі.

Хаттамада кезекті кезеңдер қарастырылған:

Байқоңыр қаласында және Төретам мен Ақсай кенттерінде тұратын ҚР азаматтарына  «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істемейтін азаматтарға, кешен аймағында уақытша тұрып жатқан азаматтарға ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР-ның медициналық ұйымдары медициналық көмек көрсетеді.

Қазақстан азаматтары үшін «Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында еңбек келісім-шартының негізінде жұмыс жасайтын азаматтарға Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі міндеттері мен құқықтары сақталады.

Байқоңыр» кешенінің Ресей ұйымдарында еңбек келісім-шартының негізінде жұмыс істейтін Қазақстанның азаматтары міндетті медициналық сақтандыруға жатады және РФ заңнамасына сәйкес федералды медициналық ұйымдаынрда медициналық көмек алуға құқылы. ҚР азаматтары жұмыс істейтін ресейлік ұйымдар олар үшін сақтандырушылар және сақтандыру жарналарын төлеушілер болып табылады. Байқоңыр» кешенінің Ресей ұйымдарында еңбек келісім-шартының негізінде жұмыс істейтін Қазақстанның азаматтары ҚР үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттері мен құқықтары сақталады.

Байқоңыр қаласының аймағында және Төретам мен Ақсай ауылдарында жұмыс жасайтын,  ресейлік кешен ұйымдарында жұмыс жасамайтын Ресей азаматтары ҚР-ның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің сақтандырушылары болып табылады. Көрсетілген азаматтарға  ҚР кепілді заңнамасына сәйкес, Қазақстанның медициналық ұйымдарында медициналық көмек көрсетіледі.

Ресей азаматтарына: «Байқоңыр» космодромының персоналына, олардың отбасы мүшелеріне, Ресей ұйымдарында жұмыс істейтіндерге; Байқоңыр қаласының және екі кенттің жұмыссыз тұрғындарына, кешеннің және кенттің аймағында уақытша тұратын азаматтарға Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес федералды медициналық ұйымдарында медициналық көмек көрсетіледі.

Байқоңыр қаласының аумағында тұратын, жеріне және жұмыс орнына, сондай-ақ медициналық сақтандыру полисінің болуына қарамастан, барлық санаттағы адамдарға жедел медициналық көмек федералдық медициналық ұйымдармен және Қазақстанның медициналық ұйымдарымен тегін және кезек күттірмейтін түрде көрсетіледі.

«Байқоңыр» космодромы мен Байқоңыр қаласындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қадағалауды және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды Ресейдің уәкілетті органы жүзеге асырады.

Байқоңыр қаласындағы Қазақстанның медициналық және білім беру ұйымдарына қатысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды ҚР-ның заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР-ның мемлекеттік органы ведомствосының тиісті аумақтық органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы