You are here

Жаңалықтар

23.05.2017 г.

ДДСА-ның 70-сессиясы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау минстрі Елжан Біртанов бірқатар алыс және жақын шетелдердің министрлерімен кездеседі

Ағымдағы жылғы 22 мамырда Женевада (Швейцария) өз жұмысын бастаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 70-сессиясы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау минстрі Елжан Біртанов бірқатар алыс және жақын шетелдердің министрлерімен кездеседі. Олар Ресей Федерацияның, Беларусь Республикасының, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Иранның және басқа да елдердің денсаулық сақтау министрлері. Кездесулер барысында денсаулық сақтау саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі ДДСҰ-ның декларациясының 40 жылдығына арналған халықаралық конференциясын 2018 жылғы қарашада Алматыда өткізу мәселелерін талқылау бойынша ДДСҰ-ның еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабпен келіссөз жүргізіледі.

Одан басқа, денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері; инфекциялық емес аурулар және бүкіл өмір бойы денсаулықты сақтау; инфекциялық аурулар, төтенше жағдай және халықаралық медициналық-санитариялық ережелер бойынша Еуропалық ДДСҰ дивизион директорларымен кездесулер жоспарлануда.

            22 және 23 мамырда қазақстандық делегациясының басшысының Біріккен ұлттар ұйымы балалар қорының (ЮНИСЕФ) Орталық және Шығыс Азия, ТМД елдерінің өңірлік директорымен, сондай-ақ Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірлері  БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша бас хатшысының Арнайы өкілімен кездесулері өтеді.

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы - шешім қабылдайтын ДДСҰ-ның жоғары органы екенін естеріңізге саламыз. Оның негізгі функциялары:  ұйымның қызмет бағытын айқындау, Бас директорын тағайындау, қаржы қызметін бақылау, бағдарламалық бюджет жобасын қайта қарау және бекіту. Ассамблеяның жыл сайынғы сессиялары Женевада өтеді.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
Қате | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.