You are here

Жаңалықтар

19.05.2017 г.

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтаудың жекеменшік субъектілерін ТМККБК қызметтерін көрсетуіне қатыстыру үшін кедергілерді жоюда

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтаудың жекеменшік субъектілерін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) қызметтерін көрсетуіне қатыстыру үшін кедергілерді жою мақсатында, ТМККБК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау қағидаларын қайта қарады. 

Қолданыстағы ережелерге 50%-дан астам өзгертулер енгізілді, осыған байланысты «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» жаңа бұйрығы дайындалып, министрмен қол қойылды.

Бұл нормативтік құқықтық құжатта ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес алынған лицензияларды кепілді міндеттемелердің тізбесінен алу арқылы емханаларға тіркелу кампанияларына және  ТМККБК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысу үшін құжаттардың тізбесі қысқартылды.

Қалалық деңгейде 2000-нан 1500 адамға дейін емханаларға тіркелу үшін тұрғындардың сандық көрсеткіші төмендеді.

ТМККБК көрсету жөніндегі қосалқы мердігерді таңдау кезеңі алып тасталды және  әлеуетті қосалқы мердігерлердің бірыңғай тізілімі жойылды. Бұл түзетулер медициналық қызметтер берушілердің құқықтарын және өкілеттіктерін кеңейту үшін қабылданды.

«Қосалқы мердігер» ұғымы сақталады, және қызметтер беруші, берілетін қызметтердің көлемі мен оларды төлеу бөлігінде қызметтер беруші мен қосалқы мердігер арасындағы өзара қарым-қатынастарға кейбір талаптар енгізілетінін атап өту қажет.

Сондай-ақ, ТМККБК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау бойынша комиссияның құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін енгізу міндетті шарты кіргізілді.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы
Қате | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.