You are here

Жаңалықтар

05.10.2017 г.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымы қайғылы жағдайда қаза тапқан дәрігерлерді бір минуттік үнсіздікпен еске алды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаеваның айтуынша,  Оңтүстік Қазақстан облысының ауруxанасында босанғаннан кейін ауыр жағдайда жатқан келіншекке медициналық көмек көрсету үшін білікті дәрігерлермен жолға шыққан санитарлық авиация ұшағы қайғылы апатқа ұшырады. Дәрігерлер өз міндеттерін орындау жолында қаза тапты. Қазіргі таңда еліміздегі барлық медициналық мекемелердің қызметкерлері арасында қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына  көмек беру үшін ерікті түрде қайырымдылық шаралары жүргізілуде.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы