You are here

Жаңалықтар

02.11.2017 г.

Халықтың денсаулығын сақтауға және күшейтуге барлық мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ және бизнес қоғамдастықтың күшін біріктіру қажет

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова айтты.

Ол 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру екенін атап өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрудың мақсаты қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша мүдделі тараптардың күштерін біріктіру болып табылады. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің негізі –  профилактика және қоғамның денсаулығына мемлекет пен халықтың ортақ жауапкершілігі.

«Соңғы жылдары Қазақстанда созылмалы инфекциялық емес ауруларды диагностикалауға және емдеуге шығындардың өсуі байқалады. Бұл мемлекеттің денсаулық сақтауға бағытталған барлық шығындарының 95−96% құрайды, ал профилактикаға 3%-ғана жұмсалады. Осыған байланысты, күнделікті әдеттерді қалыптастыру мақсатында әрбір қазақстандық үшін өмірдің сапасы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі болатын тиімді шаралар қабылдау қажет. Осы шараларға қоғам көбірек қаражат жұмсау керек. Сол кезде мемлекет пен халық ауруларды емдеуге аз қаражат жұмсайтын болады» - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Ол 2016 жылы ДДСҰ сарапшыларымен бірлесіп қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі  қызметінің өзін-өзі бағалауы жүргізілгенін хабарлады. Зерттеудің нәтижелері күшті және әлсіз тараптарын айқындады. Толық заңнамалық және нормативтік базаның болуы, «Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы, мемлекеттік қаржыландыру және профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуы қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

«Жүргізілген өзін-өзі бағалаудың нәтижелерін, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша мүдделі тараптардың күштерін біріктіру қажеттілігін ескере отырып, осы жылы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды. Денсаулық сақтау министрлігінің және барлық өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының құрылымдық бөлімшелері құрылды. Қызметтің жұмысы сәбилерді вакцинациялау мен мектеп медицинасынан, сау мінез-құлықтан, экологиялық қауіпсіздіктен,  жастар мен ересектер арасында еңбек гигиенасынан бастап тамақтануды оңтайландыру мен қарт адамдарда созылмалы дегенеративті ауруларды алдын-алуға дейін өмірдің барлық кезеңіне бағытталған. Бұның барлығы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және өмірдің сапасын жақсарту бойынша Елбасының қойған міндеттерін орындауға бағытталған», - деп хабарлады Айжан Есмағамбетова.

Соңғы онжылдықта Қазақстан темекі мен ішімдікке қарсы күресте, әсіресе сату мен пайдалану шарттарын реттеу жолымен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, тағам өнімдерінде тұздың, трансмайлардың және қанттың құрамын реттеу, балалар арасында зиян өнімдердің жарнамасын шектеу және ересектер мен балалардың физикалық белсенділігін арттыру бойынша шараларды күшейтуге араласу қажет.

Қазіргі кезде балалар ақпаратты қабылдау бойынша халықтың сезімтал тобы болып табылады, осыған байланысты балаларды ерте жастан бастап салауатты өмір сүруге, дұрыс тамақтануға ынталандыру болашақта сау ұрпақтың өсуіне мүмкіндік береді.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың мақсатына жету денсаулық сақтаудың ғана міндеті емес, бұл міндеттерді сектораралық өзара қарым-қатынассыз шешу мүмкін емес. Халықтың денсаулығын қорғауға және күшейтуге барлық мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ және бизнес қоғамдастықтың күшін біріктіру қажет. Бизнесті халықтың денсаулығын қорғауға және күшейтуге тарту фитнес-орталықтарының, спорт секцияларының, бассейндердің, белсенді демалудың және шкі туризмнің дамуына, дұрыс тамақтану мейрамханаларының жүйесін, сандай-ақ IT-өнімдерінің және сандық шешімдерді, денсаулықты нығайту бойынша мониторинг қосымшаларын енгізуге ықпал етеді.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің негізгі міндеттері: ол халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың хабардарлығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды, сектораралық өзара қарым-қатынасты үйлестіру және кеңейту, эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету, инфекциялық және инфекциялық емес аурулараға мониторинг жүргізу, қоршаған орта факторларының зиянды әсер етуінің алдын-алуы, дұрыс тамақтану мен өмір сүруді қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау министрлігінің алдында келесі индикаторларға қол жеткізу мақсаттары тұр: олар - жалпы сырқаттанушылықты және басты созылмалы аурулар бойынша сырқаттанушылықты төмендету, жалпы өмір сүру ұзақтығын арттыру, акцентті емдеуден профилактикаға ығыстыру.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы