You are here

Жаңалықтар

В Казахстане будет создана Национальная база данных медицинской техники
01.11.2017 г.

Қазақстанда Медициналық техниканың ұлттық базасы құрылады

Бұл жайлы бүгін «Медтехника: стратегия және даму» атты халықаралық конференцияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы Руслан Нұрмұқанов атап өтті. Іс-шара 14-ші қазақстандық «AstanaZdorovie 2017» денсаулық сақтау саласының халықаралық көрмесінің аясында денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық жабдықтарды өндіруші компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстанның және шет елдердің жетекші сарапшыларының қатысуымен өткізілуде.

Конференция барысында денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру тетіктері, сервистік қызмет көрсету және медициналық персоналды оқыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет Басшысының ағымдағы жылғы қыркүйекте ҚР Парламентінің алтыншы шақырылымы үшінші сессиясының ашылуында медициналық жабдықтар саласында бағаның шарықтауына қарсы шаралар қабылдау қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында, медициналық техниканың бағасын, өндіруші туралы мәліметтерді, тіркеу және жинақтау жайлы ақпаратты қамтитын Ұлттық базасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осындай Ұлттық базаны құру денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканың көтеріңкі бағамен сатып алудың алдын алу үшін нақты құны жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнан былай, медициналық техника туралы барлық ақпарат Ұлттық базада орналасатын болады.

Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолжетімділігін,  оларды ұтымды қолдануын қамтамасыз ету «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылатыны жайлы айта кету қажет.

Руслан Нұрмұқанов республикада медициналық техниканы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу тәжірибесінен бірте-бірте алыстап жатқаны жайлы атап өтті. «Болашақта медициналық жабдықтарды сатып алу мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) және лизинг арқылы жүзеге асырылатын болады. МЖӘ және лизинг тетіктерін іс жүзінде қолдану бірқатар проблемаларды шешуге көмектеседі, атап айтқанда, медтехниканы  тұрақты жаңарту қажеттілігі, өйткені, кез келген техника ерте ме, кеш пе ескіреді және істен шығады», - деді Руслан Амантайұлы.

Бірқатар облыстардың басшылары мемлекеттік медициналық ұйымдарды қазіргі заманғы техникамен жарақтандыру үшін лизингке көңіл бөліп, белсенді түрде пайдаланады. Осы процеске Қарағанды облысы белсенді қатысып келеді. Бұл өңірдің үлесіне «ҚазМедТех» АҚ желісі бойынша жеткізілген техника көлемінің 30% тиесілі.

Емхана немесе ауруханалар қазірдің өзінде бюджетке жүк салмай жаңа қымбат жабдықтарды сатып алып, пайдалана алады. Оның ақысы  бірнеше жыл бойы төленеді және бұл медициналық мекемелерге өте тиімді, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салмақ төмендейді.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы