You are here

Жаңалықтар

08.08.2017 г.

ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы болып Людмила Бюрабекова тағайындалды

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды.

            Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы – Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы – Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – дәрігер, дәріші, іскери әкімшіліктендіру магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясынан бастаған.

2004-2005 жылдары Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық дәрі-дәрмек маманы ретінде қызмет атқарған.

2005-2009 жылдары Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау басқармаларында әр түрлі лауазымдарды атқарған. 2009-2010 жылдары - ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің басқарма басшысы, содан кейін төрағаның орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2014 жылдары Республикалық оңалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеген.

2014-2015 жылдары ҚР Президентінің Іс басқармасында бас инспектор ретінде еңбек еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президентінің Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Медицина қызметінің аға лейтенанты атағына ие.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы