You are here

Жаңалықтар

03.11.2017 г.

«СК-Фармация» ЖШС 2018 жылға тегін дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша конверттерді ашу рәсімін онлайн-режимде көрсетеді

Бүгін «СК-Фармация» ЖШС-де 2018 жылға амбулаторлық және стационарлық деңгейде тегін ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Бірыңғай дистрибютерден сатып алуға жататын екі кезеңнен тұратын тендерға, әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу рәсімі өтуде.

Үрдістің ашықтығын қосымша қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор тендерлік рәсімдерге қатысу үшін ІІМ, Бас прокуратура, ҚР ҰҚК, Есеп комитеті, «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне шақыру жіберген. ҚР ІІМ Медициналық ұйымдарының және бейінді қауымдастықтардың өкілдері рәсімдерге бақылаушы ретінде қатысуға келісті.

2018 жылға тегін дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша конверттерді ашу рәсімі онлайн-режимде көрсетілуде. Тендерлік комиссияның жұмысын sk-pharmacy.kz сайты арқылы және Бірыңғай дистрибьютордың Facebook ресми бетінде бақылауға болады.

Тендерге қатысу үшін барлығы 40 фармкомпаниялар өтінім берді. Тендер аясында тұрғындарға тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 484 ұстанымы көрсетілген. Бұлар вакциналар, туберкулезге қарсы препараттар, қант диабеті, вирусты гепатит және басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге, яғни емі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін препараттар.

Конверттерді ашу барысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрайымының м.а. Әсемгүл Ержанова 2018 жылы алдын ала берілген өтінімдер бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 178 млрд. теңгеге сатып алу жоспарланғанын мәлімдеді. «Бүгін тендер 489 атау бойынша 82,4 млрд. теңгеге жарияланды. Басқа позициялар Бірыңғай дистрибьютордың тізімінен жарияланды, олар - бізбен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасаған фармөндірушілер шығарып жатқан препараттар немесе біз тікелей сатып алуды жоспарлаған Қазақстанда аналогтары жоқ шетелде өндірілген дәрілік заттар», - деді Әсемгүл Ержанова.

Құрамына Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің, Бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының сарапшылары кірген тендерлік комиссия 10 күн бойы әлеуетті өнім берушілерден түскен өтінімдермен танысып, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, ал ұсынылған препараттарды техникалық өзіндік ерекшелік талаптарына сәйкестігін тексереді.

Комиссия өз ескертулерін бергеннен кейін әлеуетті өнім берушілердің 5 күн ішінде кемшіліктерді жоюға мүмкіндіктері болады. Ол тендерлік процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Тек содан кейін әлеуетті өнім берушілер бағаны төмендету бойынша өтетін аукционға қатысуға мүмкіндік алады. Оның барысында еліміздің ауруханаларына тегін дәрі-дәрмек жеткізетін фармкомпаниялар анықталатын болады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы