You are here

Жаңалықтар

Тендерные процедуры закупа лекарств «СК-Фармации» на 2018 год полностью можно будет увидеть в онлайн режиме
15.11.2017 г.

«СК-Фармацияның» 2018 жылға арналған дәрілерді сатып алуының тендерлік рәсімдерін толықтай онлайн тәртіпте көруге болады

2018 жылы ел халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша өтетін тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютер өзінің  www.sk-pharmacy.kz/ сайтында негізгі  тендерлік рәсімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырады.

Бұдан басқа, онлайн тәртіпте тендерлік өтінімдерге қосымшалары бар конверттерді ашу рәсімі – 24 қарашада, тендерлік рәсімдердің ақтық кезеңі  аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің  бағаны төмендету рәсімі –  4 желтоқсанда өтеді.

Бірыңғай дистрибьютордің Facebook ресми аккаутында тендерлік және сараптамалық комиссия отырыстарының күн сайынғы фотоесебі жарияланып отырады. Тұрақты түрде  тендер өткізіліп жатқан  залдағы жағдайдың барлығына видео түсірілім жасалады. Ол Бірыңғай дистрибьютордың мұрағатында сақталады.

Бірығай дистрибьютердің тендерлік комиссия жұмысына тендерлік комиссия құрамына енген  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және салалық құрылымдық бөлімшелер өкілдері, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Төрайымы  Людмила Бюрабекова, Фармация комитетінің,  медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің және Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің өкілдері қатысады.

Бақылаушылар ретінде  отырыстарға «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы  бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы»  бас директорының бірінші орынбасары Арнур Нуртаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері,  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, сондай-ақ, салалық  қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанованың сөзінше, Бірыңғай дистрибьютер сайтында  ағымдағы тендерге арналған арнайы бөлім бар. «Ол жерде нақты уақыт тәртібінде толықтыруларды ашу рәсімдерін және аукционды бақылап,  тендерлік комиссияның барлық отырыстарын, өткен шаралардың бейнежазбаларын  қарауға болады», – деп түсініктеме бере кетті  «СК-Фармация» ЖШС  Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

«Бұл шаралардың барлығы біздің сатып алу рәсімдеріміздің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қызығушылық танытқан барлық тараптар  тендерлік рәсімдерді онлайн тәртіпте қарап, шешімдердің қалай және не себепті қабылданып жатқандығын қадағалап, олардың бейтараптылығына және әділдігіне көз жеткізе алады», - деп өз ойын жалғады Әсемгүл Ержанова.

2018 жылға арналған сатып алу бөлімінде 2018  жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға қатысты сұрақ қойып, кез-келген мәселе бойынша үндеу қалдыруға болады.

Жуырда бірыңғай дистрибуция жүйесі бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды  сатып алу бойынша тендерлік рәсімдердің басталғандығын еске сала кетейік. 3 қарашада 2018 жылы Қазақстан халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендерлық рәсімдерге қатысқан фармацевтикалық компаниялар  өтінімдерінің конверттерін  ашу рәсімі өткізілгендігін еске сала кетейік. Енді 20 қарашаға дейін  тендерлік комиссия өтінімдермен танысып, ұсынылған құжаттамаларға ескертулер жасайды, содан  кейін компанияларға оны түзетуге мүмкіндік беріледі.

Тендерде жалпы сомасы 82,4 млрд теңгенің  484  атауы жарияланған. 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы