You are here

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесінің 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 130 бұйрығымен Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары Әкімшілік департаментінің директоры Файзула Букеевич Бисмильдинге жүктелді.

Азаматтарды және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерін әр бейсенбіде сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Телефоны: 742879, кабинеті 1106

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы