You are here

Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы

Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары

зиянды  (ерекше зиянды)   және  

(немесе)    қауіпті  жұмыстар  саласында,

жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын

жасасу үшін,    сондай-ақ халықтың

декреттелген тобындағы адамдарды

жұмысқа  жіберу үшін  медициналық

қарсы көрсетілімдердің  тізбесін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының    2009  жылғы  18  қыркүйектегі   Кодексінің   7–бабының   1-тармағының  111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.    Қоса  беріліп   отырған  Ауыр  жұмыстар,  еңбек  жағдайлары  зиянды  (ерекше зиянды)   және   (немесе)   қауіпті  жұмыстар  саласында,  жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын жасасу үшін,  сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа  жіберу үшін  медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан  Республикасы   Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы    бұйрықты    Қазақстан    Республикасы   Әділет   министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы  бұйрықты  Қазақстан  Республикасы   Әділет   министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық  актілерінің «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы   бұйрықты   Қазақстан  Республикасы   Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік   даму  министрлігінің  интернет-ресурсында   орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  Қазақстан  Республикасының Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі                                                                                                  Т. Дүйсенова

                        

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

А. Исекешев __________________

2015 жылғы «____ »___________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев __________________

2015 жылғы «____»__________

 

Орналастырылған: 05.05.2017
Жаңартылған: 05.05.2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы