You are here

"Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 27 ақпандағы №98 бұйрығы

Қалпына келтіру емі және

медициналық оңалту, оның ішінде

балаларды медициналық оңалту қағидаларын

бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

          1. Қоса беріліп отырған Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр                                 Т. Дүйсенова

Орналастырылған: 04.05.2017
Жаңартылған: 04.05.2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы