You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасы

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасы

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 желтоқсандағы Заңына сәйкес   (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) енгізілетін болады.

Осыған байланысты, «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі - Ереже) әзірленді.

Ереже Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтарға ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек алуға құқығы бар азаматтарға таратылады.           

Медициналық-әлеуметтік ұйымдарда (мекемелерде) тұратын тұлғалар, сондай-ақ балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған арнайы мамандандырылған ұйымдарда тұратын балалар, сондай-ақ сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) мекемерінде жазасын өтеп жүрген адамдар тіркелетін тұлғалар мен олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың бар болған жағдайда МСАК ұйымдарына аймақтық тиесілік бойынша тіркеледі.

Әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жекелеген санаттағы мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар МСАК алу үшін әскери-медициналық бөлімшелерге, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қарулы күштердің, Қазақстан Республикасы Президенті іс Басқармасының медициналық ұйымдарына тіркеледі.

Қызмет өткеру орны немесе қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша ведомстволық медициналық ұйымдардың болмаған жағдайында қызметкерлер МСАК ұйымын және МСАК маманын еркін таңдау құқығы бойынша МСАК көрсететін ұйымдарға тіркеледі.

Тіркеу науқаны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізілетін болады.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы