You are here

Қазақстан Республикасында шала туған нәрестелердің офтальмологиялық қызметінің әрекетін үйлестіру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасында шала

туған нәрестелердің офтальмологиялық

 қызметінің әрекетін үйлестіру бойынша

нұсқаулықты бекіту туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7- бабының 1-тармағының 5)  және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасында шала туған нәрестелердің офтальмологиялық көмегін үйлестіру бойынша ұсынылған Нұсқаулық  бекітілсін.
  2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларын денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша) меншік нысанына қарамастан балаларға медициналық көмек көрсететін барлық ұйымдарға осы бұйрық туралы мәліметті жеткізіп және орындауын қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті  (Г.Ө. Құлқаева):
  1. осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
  2. осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте  бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р. Мусиновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                Т. Дүйсенова

 

Орналастырылған: 04.05.2017
Жаңартылған: 04.05.2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы