You are here

"Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы" бұйрықтың жобасы

Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін,

сондай-ақ жоғары қауіп көзіне

байланысты жұмысты жүзеге асыруға

арналған медициналық психиатриялық

қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 117 бабының 2 бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін  ұсынылған тізімін бекіту.

2. «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы» 2002 жылғы 18 маусымдағы №668 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының күші жойылғандығын растау.

(Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2002 ж., № 18, 201 бап).

3.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру департаменті (Г.У. Құлқаева) қамтамасыз етсін:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу және оның ресми жариялану;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ғаламтор-ресурсында осы бұйрықты орналастыру.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланудан және он күн өткеннен кейін жүзеге енгізіледі.

  Министр                                                                                                  Т. Дуйсенова

 

Орналастырылған: 04.05.2017
Жаңартылған: 19.06.2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы