You are here

Күшi жойылды деп танылсын

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң «Халықтың паллиативтік көмек

және мейірбике күтімі көрсетілуге тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938  және  «Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және(немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1454 қаулыларының  күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуге тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 477-құжат);

2)  «Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 111-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                          К. Мәсімов

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы